Смартфондарды қуатсыздандыратын вирус анықталды

Screenshot_2.jpg

Sophos компаниясының киберқауіпсіздік саласындағы зерттеушілері Android басқаруынағы құрылғыларына арналған аккумулятордың тез отыруына «себепкер» зиянды бағдарламаны анықтады. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлайды.

Зиянды бағдарламалық вирус Google Play дүкендеріндегі бірнеше сервисте анықталып, Andr/Clickr-AD деген атауға ие болды. Зақымдалған қосымшалардың ішінде жарнамалық сілтемелерге өтуді басқаратын және қосымшаның қосылу болу-болмауына тәуелсіз жұмыс жасайтын шерткіш бар болған. Оның тұрақты түрде іске қосылуы аккумулятордың тез қуатсыздануына алып келген. Екі миллионға жуық рет жүктелген 20-дан астам қосымша зақымдалғаны анықталды.

Қаскөйлер өз бағдарламаларын жарнама берушілерге iOS-қосымша ретінде таныстыруы олардың табысын ұлғайтуға алып келген. Қазіргі уақытта зақымдалған бағдарламалар Google Play-ден жойылды.

Сарапшылар антивирустар қолдануға кеңес берді, ал зардап шеккендерге телефонның бастапқы зауыттық қондырғыларын орнатуға кеңес берді. Алайда, мұндай тәсіл құрылғыдағы барлық ақпараттың қшуіне алып келетіні баршаға мәлім.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Жұмыс орнының саны емес сапасы маңызды
  • Түркістан облысына биыл 1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
  • «Инвестор өз құқығының қорғалатынына сенімді болуы тиіс»
  • Қазақстан мен Пәкістан білім беру саласындағы әріптестікті нығайтпақ
  • Түркістан облысында 45 рет жол ережесін бұзған жүргізуші 1,3 млн теңге айыппұлын төлемеген
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер