Беті қатты күйіп қалған бала Аяз Атадан жаңа бет-әлпет сұрады

демон.jpg

Алматылық еріктілер Ольга Рябева мен Анна Токишева "Я рядом" атты қайырымдылық қозғалысын ұйымдастырып, соның аясында әлеуметтік желіде "Аяз Атаға хат" науқанын бастады.

Еріктілер тобына 500-ден аса хат келіп түскен, олардың басым көпшілігі ауыр науқасқа шалдыққан балалардан. Сондай хаттардың бірін жазған Бахтиер Синдров Өзбекстанда тұрады, өрт кезінде қатты күйіп қалыпты.

Бала хатында Аяз Атадан жаңа бет-әлпет сұрайды.

"Өзге балалардай болғым келеді", — деп жазады кішкентай Бахтиер.

Балақай сәби күнінде өрттен зардап шегіп, бас терісі мен бассүйегінің бір бөлігінен айырылған. Қазір жасы алтыда, ата-анасымен бірге Самарқандқа жақын жердегі ауылда тұрады.

"Үйден мүлдем шықпайды деуге болады, өйткені оны көрген адамдарың зәре-құты қалмайтын көрінеді. Жарақаты үнемі жанына батып ауырса да, ол төзімділік танытып, шағым айтып көрмепті. Мұрны мен құлағы жоқ болған, көздері жұмылмайтын, бассүйегінің бірнеше бөлігі күйіп кеткен", — деп жазды Ольга Рябева Facebook парақшасында.

Бахтиердің әкесі құрылыста әртүрлі жұмыс істейді, күнкөріс қамымен Қазақстанға жиі барып тұрады. Анасы үй шаруасында, Бахтиерден бөлек тағы екі баланы бағып-қағып отыр.

Былтыр еріктілер Үндістанда баланы емдетуге аурухана тапқан. Қазақстандықтар үш күн ішінде 21 мың доллар жинап береді. Балаға жаңа ерін салып, тістерін қалпына келтіруді бастаған. Қабағына ота жасап, мұрын қуысын кеңейтіпті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер