Ішкі істер министрлігі полицияның жаңа киім үлгілерін таныстырды

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға полиция қызметкерлерінің жаңа киім үлгісін белсенді түрде талқылауға шақырды.

Бүгін министрлік Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында тәртіп сақшыларының жаңа киім үлгісін таныстырды.

Screenshot_4.jpg

Screenshot_5.jpg

Ведомство таратқан мәліметке сәйкес, полиция қызметкерлерінің киім үлгісі соңғы рет 2005 жылы өзгерген. Ол заманауи талаптарға сай келмейді. Осы орайда ІІМ полиция қызметкерлерінің жаңа киім үлгісіне қойылатын негізгі талаптарға тоқталып, тәртіп сақшылары жаңа үлгіге бірден емес, кезең-кезеңімен көшетінін атап өтті.

Screenshot_6.jpg

«Нысанды киім-кешектерге қойылатын негізгі талаптар - оның тартымдылығы, ыңғайлылығы және артық элементтердің болмауы. Нысанды киімдердің дизайнына, дайындалуына қосымша қаражат талап етілмейді. Полиция қызметкерлері нысанды киім-кешектермен кезең-кезеңмен қамтамасыз етіледі. Ол ескірген нысанды киімді ауыстыруға бөлінетін жыл сайынғы қаражат есебінен жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында 250-ден астам дәрігер жетіспейді
  • Түркістан облысында диқандар мақтаның орнына күріш еккен
  • Нәрестесін пойыздан лақтырып жіберген әйелге мәжбүрлі ем тағайындалды
  • Президент МӘМС туралы заңға түзету енгізді
  • Бес жылда 40 тан астам жаңа су қоймасы салынбақ
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер