Үш тәулікте 250 жол ережесі бұзылған

a972988cb34ddb9fdd8e768adbb0cabb.jpg

«Мас жүргізуші - қылмыскер» жедел алдын алу шарасы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 250 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Астана қаласы ПД-ның баспасөз қызметі мәлімдеді.

2-5 қаңтар аралығында Астана қаласы ПД-ның жергілікті полиция қызметі «Мас жүргізуші - қылмыскер» жедел алдын алу шарасын өткізуде. Алдын алу шарасы кезінде патрульдер мас күйінде көлік құралдарын басқарған адамдарды анықтау мақсатында аудандар, ойын-сауық аймағы және басқа да қоғамдық орындардың маңында ұйымдастырылды.

«Үш күн ішінде 250-ден астам жол қозғалысының бұзылуы анықталды. Оның ішінде 30 мас күйінде рөлге отырған жүргізушілер, 70-ке жуығы жол белгілері мен таңбаларын ескермеген, 100-ден астамы көлік құралын пайдалану ережелерін бұзған, сондай-ақ 15-ке жуығы автокөлік құралдары құжаттарының болмауына қатысты», - делінген жергілікті полиция қызметінің хабарламасында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Дін мемлекеттен бөлек — Конституция жобасы
  • Танымал блогерлер ескертуден кейін қосымша 18,2 млрд теңге табысын декларациялады — МКК
  • Ауыл мен қалаға бірдей интернет: Үкімет инфрақұрылымды күшейтпек
  • СҚО-да сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер