Назарбаев Астанадағы шіркеуге барып, православ христиандарын құттықтады

b37c3aa309e036ad7a1fb6c0d7a50e13.jpg

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Əулие Успен кафедралды соборына барып, Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.

«Бүгін бүкіл Қазақстан, барлық конфессия мен этнос өкілдері  Рождество мерекесін атап өтіп жатыр. Біз мұсылмандардың Құрбан айтын қалай атап өтсек, солай мерекелеп жатырмыз. Елімізде солай қалыптасқан. Баршаңыздың қолдауларыңыздың арқасында барлық конфессия, ұлт өкілдері тату-тəтті, берекелі, өзара сенімде өмір сүріп келеді. Осындай бірліктің арқасында біз бүгінгі жетістіктерге жеттік. Құдай – біреу, ал Құдайды тану, оған жету жолы əркімде əртүрлі. Біз əртүрлі жолмен келе жатырмыз. Бірақ, мейірім, береке-бірлік пен өзара түсіністік деген мәңгілік құндылықтар əрдайым баршаға бірдей. Бүкіл Қазақстан сондай», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы еліміздегі православие тарихының терең екенін айтты. Қазір Қазақстанда 390 нысан, 301 бірлестік бар екен.

«Біз тəуелсіздік жылдары сіздермен бірге Қазақстанды құрып, дамытып келеміз. Бүкіл қызметім сіздердің көздеріңіздің алдында өтіп жатыр. Менде басқа саясат жоқ. Мен оны жалғастырамын, яғни елімізде əрдайым бейбітшілік, достық, өзара түсіністік, сенімнің болғанын қалаймын. Біз осындай бастамамен ғана, өзімізге, балаларымыз бен немерелерімізге жақсы өмір жасай отырып қана, əрі қарай дами аламыз. Сондықтан осы жолда баршамызға бірлікте өмір сүру тілегінің беріктігін тілеймін. Мерекелеріңізбен тағы бір мəрте құттықтаймын. Барлық арман-мақсаттарыңыз орындалсын», - деп түйіндеді Назарбаев.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында кеурек өсімдігін қазған 68 шетелдік анықталды
  • Қуандық Бишімбаевқа түрмеде әлі жұмыс табылмаған
  • Қазақстандықтардың орташа жасы – 32,3 жас
  • Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады
  • Министр Назарбаев университетінде қайтыс болған қызға байланысты пікір білдірді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер