Қазақстанның сыртқы қарызы 161,5 млрд долларға жетті

54623.jpg

2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы борышы былтыр 8,6% азайып, 161,5 млрд долларға төмендеді, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Сыртқы борыш құрылымында 63,7%-ын бұрынғысынша фирмааралық берешек, 25,7% байланысты емес кредиторлар алдындағы «Басқа секторлардың» сыртқы борышы, 7,1% мемлекеттік сыртқы борыш (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,5% — «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) алып отыр.

2018 жылғы 3-ші тоқсанда экономиканың барлық секторлары есебінен елдің сыртқы борышы 3,0 млрд. АҚШ долл. қысқарды.

Мемлекеттік сыртқы борыш негізінде Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын өтеу және оларға шетел инвесторларының сұранысының азаюы есебінен 452,9 млн АҚШ долларына қысқарды.

«Банктер» сыртқы міндеттемелері ең алдымен Қытайдың экспорт-импорттық банкі берген кредиттерді жоспарлы өтеу есебінен 452,9 млн АҚШ долларына қысқарды.

«Басқа секторлардың» сыртқы борышы «Борыштық бағалы қағаздар» бабы бойынша («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ 1,6 млрд АҚШ доллар сомасындағы 10-жылдық еврооблигацияларын өтеу және «КазАгро» ҰБХ» АҚ 420,4 млн еуро сомасындағы 5 жылдық еурооблигацияларын ішінара мерзімінен бұрын өтеуін төлеп алу) қысқыру есебінен азайды.

Талдамалық мақсатта сыртқы борыш құрылымында есепті кезеңде 2,5 млрд АҚШ долларына азайып, 2018 жылғы 1 қазанда 24,0 млрд АҚШ долларын құрған мемлекет бақылайтын ұйымдардың сыртқы борышы (мемлекеттік сектор капиталына 50%-дан астам тікелей немесе жанама қатысатын банктер мен ұйымдар) жеке көрінеді.

Фирмааралық берешек мұнайгаз секторының ірі компанияларының шетелдік ұймдардың еншілес және тел кәсіпорындарынан несиені өтеу нәтижесінде 823,7 млн АҚШ долларына қысқарды.

Қазақстан Республикасының таза сыртқы борышы 2018 жылғы 3-тоқсанда 1,4 млрд АҚШ долларына ұлғайып, 48,0 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте мемлекеттік сектор және «Банктер» қалған әлемге қатысты таза кредиторлар болды, ал «Басқа секторлар» таза қарыз алушылар болып табылады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер