Ж.Түймебаев: Түркістан – Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихында орны бар мекен

Screenshot_4.jpg

Әзірет Сұлтан кесенесі түгілі оның айналасын да таяқпен түртуге болмайды. Ол үшін ЮНЕСКО-ның рұқсаты керек. Бүгін Түркістан қаласы әкімінің халық алдындағы есепті кездесуінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев осылай деді.

– Кесене аумағы 88 гектар. Ол жерді таяқпен түрту үшін ЮНЕСКО-дан рұқсат аламыз. Бұл тек қана сіздердің байлықтарыңыз емес. Олар бізге «бұл Түркістанның, облыстың, Қазақстанның ғана емес, бүкіл адамзаттың байлығы!» деп айтып отыр. Парижге делегация жіберіп жатырмыз. Біздің Мәдениет министрлігінің өкілдері сонау Франциядағы ЮНЕСКО-ның штабына келіссөздерге барады. Айналасын, Күлтөбені, хандар отырған ставканы қазып, орнына келтіру үшін барып рұқсат аламыз. Көрдіңіздер ме? Себебі дүниеде бұндай жерлер көп емес. Яғни, біз үлкен руһани қазба байлықтың үстінде отырмыз. Соны көрсетуміз керек. Сондықтан да Түркістан жан-жақты дамуы қажет. Бұған барлығымыз бірігіп атсалысуға тиіспіз. Түркістан – Қазақстанның ғана емес, адамзат тарихында орны бар мекен, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, былтыр Түркістанға 28 млрд. 313 мың инвестиция тартқан қала әкімі Әліпбек Өсербаевтың есебін жергілікті тұрғындар оң бағалады. Мұның 19 млрд теңгесі жеке инвестиция.

Жиынды қорытындылаған облыс басшысы Өсербаевтың жетекшілігімен атқарылған жұмыстарды айтып, алдағы атқарылар ауқымды тірліктерді тұрғындармен бірге жүзеге асыруға шақырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер