Жабайы сауда реттелмек

Screenshot_32.jpg

Тоғыз жолдың торабында орналасқан шаһарда күні – түні сауда   тынбайды. Осы төңіректегілерді айтпағанда, Түркістанға  көршілес Қызылорда мен Жезқазғанның жұрты арнайы келіп, базарлап қайтатыны мәлім. Киім-кешек, азық-түлік, көкөніс, соңғы кездері құрылыс материалдарының саудасы да қыза бастады. 

Ресми дерек бойынша, биылғы  қаңтар-сәуір айында бөлшек сауда бойынша атқарылған жұмыс нәтижесі 11 092,5 млн.теңгеге жеткен. Қала аумағында 9 базар, 8 сауда қатары қызмет етуде. Оның ішінде 5 әмбебап, 3 азық-түлік, 2 көкөніс және 7 азық-түлік емес тауарларды сататын базарлар мен сауда қатарлары бар. Оларда 5971 сауда орындары бар. 

Қала әкімі Әліпбек Өсербаев Түркістандағы ретсіз сауданы жөнге келтіруге ерекше мән беріп отыр. Осы бағытта арнайы жұмысшы топ құрылып, «Ретсіз сауданы ретке келтіру жөнінде жол картасы» әзірленеді. Ретсіз сауда орындарындағы сауда жасаушыларға белгіленбеген жерде сауда саттық жасауға тиым салынатындығы жөнінде ақпараттық хабарламалар таратылған. Түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Оларға заманауи  талаптарға сай келетін бос орындары бар сауда нысандарға орналасу ұсынылып, жеңілдіктер қарастырылған және көлік логистикасы ұйымдастырылған. Өрт қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайды ескере отырып, сауда қызметін бір жүйеге түсіру үшін қаладағы базарлар мен сауда қатарларын қала сыртына шығару жөнінде іс-шаралар атқарылуда. Қала сыртынан құрылыс материалдары және киім кешек, азық-түлік  тауарларына  50 гектар жер белгіленген. Оның ішінде, 17 гектар Қызылорда бағытында, 15-і Кентау, 19 гектары Шәуілдір бағытында.

Әлеуметтік азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында Облыстық тұрақтандыру қорымен бірлесіп әлеуметтік дүкендер желісінің 15 бірлігі іске қосылған. Одан бөлек  қалада "Дастархан", "Дәулет", "Бәйтерек", "Береке" және "Шапағат", «Жібек жолы» сынды 6 супер маркет ішінен тұрақтандыру қорының тауарларымен арнайы сөрелер жасақталса, "Қуаныш" пен "Алтын бұлақ" базарлары ішінен қосымша жылжымалы әлеуметтік дүкендер  ашылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер