Индустриялды аймақтағы тың тірліктер

Screenshot_39.jpg

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев соңғы жылдары шаһарда кәсіп ашып, елді жұмыспен қамтып әрі қала экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған жандардың қатары артып келе жатқанын айтуда.  Қала басшысының мәліметінше өңірдегі кәсіпкерлерге барлық жағдайлар жасалуда. 

 Атап айтқанда шағын және орта бизнес субьектілеріне «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы   индустриалды аймақта 1040,0 млн теңгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізілген. Жалпы қаладағы индустриалды аймақта 23   жоба орналасқан. Оларда  9326 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етілетін  болады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қабылдаудан өткен «Түркістан трасса» ЖШС, «Азрет жол құрылыс» ЖШС, «Kadiris» ЖШС, «Гранд микс» ЖК, «Стройсервис 21» ЖШС,  «Cordial Turkestan» ЖШС сынды кәсіпорындарда 368 жұмыс орны ашылып, 1,3 млрд теңге инвестиция тартылған. Биылғы  қантар – сәуір айларының қорытындысына жүгінсек, индустриалды аймақтағы  жобалардың өндірілген өнім көлемі 684,0  млн.теңге болып, жалпы өнеркәсіп өнім көлемінде үлесі 21,4  пайызды құрады. Сондай-ақ биыл индустриалды аймақтан жоба құны 1000,4 млн.теңге болатын  4 жобаны  жүзеге асыру жоспарлануда. Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 гектар жер телімін қосымша 310 гектарға ұлғайту көзделіп, қала әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Индустриалды аймақта бірқатар құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында  облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге қаржы қарастырылған. Бірінші кезекте кіреберіс аркасы, аймақты қоршау, қабылдау өткізу пункті, әкімшілік іскерлік ғимараты және 1 кезеңдегі инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізілмек. Осы арада айта кетелік, Түркістан қаласындағы индустриалды аймаққа Қытай елінің инвесторлары қызығушылық білдіріп, энергетика саласындағы   халық тұтынатын тауаралар мен бөлшектерді өндіретін  жобаларын индустриалды аймаққа орналастыру бойынша өтініш жасаған. Соған сәйкес  140 гектар жер телімі "Kazakh-China Electrical Industrial Park Group" ЖШС компаниясына бөлінген. Бүгінгі таңда жобалардың бірі бойынша тиісті құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталғалы жатыр. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер