Ата кәсіпті қолға алған

Screenshot_43.jpg

Түркістан қаласында сауда-саттық жақсы дамыған. Мұны қала ішіндегі сауда орталықтарының көптігінен де байқауға болады. Шаһар халқының басым бөлігі де осы базарды жағалап, кәсіп етіп күн көреді. Ал еліміздің батыс аймақтарынан келетін саудагерлер тауарларды өз облыстарына осы Түркістаннан тасиды. Себебі Түркістан – тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралі да шаһарды бойлай өтеді. Сондай-ақ теміржол қатынасы да қарқынды десек болады.  «Түркістанды базарлардың қаласы деп айтып жатады. Логистикалық қала деп те айтсақ болады. Жібек жолының күре тамырында орналасқан қала. Ал кәсіпкерлік саласында қызмет етіп жүргендер, сүт өнімдерінен балмұздақ шығару, қазақтың айранын, сары майын, ірімшігін шығарып жатқан цехтарды былтыр қостық. Оны алдағы уақытта үлкейтуді жоспарлап отырмыз. Яғни Елбасының қабылдаған мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпкерлерге жалпы толығымен қолдау көрсетіліп, жұмыстар жасалынып жатыр деген сөз»,- дейді Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев. 

Түркістан – сауданың ғана емес, темір мен ағаштан түйін түйген шеберлердің де ордасы. Атадан балаға мирас болған ағаштан бесік, сандық жасайтын қолынан өнер тамған жандар көп мұнда. Солардың бірі – Абдуманап Зупаров. Шағын кәсіпкерлікті қолға алған ол өз үйінің ауласындағы цехында бесік дайындайды. Шебер күн сайын 1-2 бесік жасап базарға шығарады. Бір кездері Абдуманап жасаған бесіктер шетелге де жөнелтіпті. Бұл ісімен ағаш ұстасы тоқмейлінсінбейді. Алға қойған жоспары да жетерлік. Шебер кәсібін үлкейтуді жоспарап отыр.  

Облыс орталығы болған Түркістанда өндірісті өркендетуге де көңіл бөлінбек. Индустриалды аймақ 300 гектарға ұлғайтылып, ол жерлерге оннан аса зауыт-фабрика салу жоспарда бар. Ал негізгі мақсат – қалаға инвестор тарту. Шетелдік компаниялар қызығушылық білдірсе, аймақта бос жұмыс орындарының да көбейетіндігі анық.



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ирак бір жыныстыларды қатаң жазалайтын заң қабылдады(Суретті)
  • Дін мен діншілдік тақырыбы талқыланды
  • Қазақстан мен Өзбекстан арасында медициналық қарым-қатынас тереңдей түспек
  • Жеңіс күніне орай ардагерлер мен полицейлер арасында турнир өтті
  • 17 жылда 7 түрлі лауазымда қызмет атқарған Ерлан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер