Көліктер көрмесі көпшілік көңілінен шықты

Screenshot_11.jpg

Таразда тұңғыш рет ретро көліктер көрмесі өтті. Көне шаһардың көрікті орындарының бірі – «Жастар» аллеясында өткен шарада әр дәуірдің өкіліндей бір жерге жиналған түрлі маркадағы темір тұлпарлар тамашалауға келген тұрғындардың көзайымына айналды, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Көрмеге бүгінде шаммен іздеп таппайтын «ГАЗ-67» машинасынан бастап, соңғы үлгідегі темір тұлпарларға дейін қойылған. Қала тұрғындары мен қонақтарына бұл қызықты «Джип клуб Тараз» тобы ұйымдастырды.

Көрмеге халық өте көп жиналды. Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл бір керемет демалыс болды деуге де негіз бар. Жалпы, шараға қаладағы ең әдемі деген 50-ге жуық автокөлік және 10 шақты мотоцикл таңдалынып алыныпты. Маркасы жағынан бірінен-бірі оза шапқан темір тұлпарлар көздің жауып алып, көпті өзіне тәнті етті. Көрмеге келушілер өздеріне ұнаған көліктің жанында фотоға түсіп, қызықтап жатты.

Көлік иелері темір тұлпарларын барынша сәндеп, оған ерекше өң беруге тырысқандары байқалады. Өткен ғасырдың орта тұсына тән ретро көліктер де өз құндылығын жоймастан, жап-жаңа күйінде сақталған. Күнделікті өмірде көзге түсе бермейтін мұндай бағалы көліктердің көптігі көңіл қуантады. Ал, «Жастар» жылы мен Жамбыл облысының 80 жылдығына орайластырып өткізілген автокөліктер көрмесін енді жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында еңбекке қатысты шағымдардың 70 пайызы білім саласына тиесілі
  • Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі 19 қаңтарда шешілмек
  • АҚШ Гренландияның әр тұрғынына 100 мың доллар төлеп, аралды сатып алмақ
  • БЖЗҚ-дан заңсыз 200 млрд теңге шығарған 42 стоматологиялық клиника тергеліп жатыр
  • Тоқаев: Қазақстан жері ежелден түрлі мәдениеттер тоғысып, өркениеттер өзара біте қайнасқан мекен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер