Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минисртлігі көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Е.Жолдасов автокөлік және теміржол саласындағы багажды тасымалдау қағидалары жөнінде баспасөз мәслхатын өткізді. Брифинг барысында инспекция басшысы тұрақты тасымалдау кезіндегі заңбұзушылықтарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2019 жылдың сәуір айында көлік мәселелері туралы заңға толықтырулар енгізіліп, жолаушылар тасымалдау саласында бақылау жүргізу полиция органдарымен қатар Көліктік бақылау органдарына берілді. Аталған заң 24 мамырдан бастап күшіне еніп сол күннен бастап инспекция тарапынан қоғамдық көліктерге бақылау жүргізіле бастады. Жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Инспекция тарапынан қалалық бағыттарда, сонымен қатар ауданаралық бағыттарда 116 құқық бұзушылықтар анықталып, 1 млн 628 мың теңге айыппұл салынып, өндірілді.
Тұрақты тасымалдау қызметінде 84 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- Жолаушылар тасымалдауға рұқсат беретін куәліксіз 11 құқық бұзушылық -
(«Грин БУС» ЖШС, «Оңтүстік тұлпар» ЖШС, «Автоимпульс» ЖШС, «Асыл» ЖШС, «К-2 ЛТД» ЖШС, «Асыл Транс Сервис» ЖШС, «Мұхтарәлі» ЖШС).;
- Билетсіз жолаушылар тасымалдау - 25 құқық бұзушылық («Грин БУС» ЖШС, «Оңтүстік тұлпар» ЖШС, «Асыл» ЖШС, «Абдиернұр» ЖШС, «Асыл Транс Сервис» ЖШС, «Мұхтарәлі» ЖШС, «Жолаушы» ЖШС, «Ай-бақдаулет» ЖШС, «Мейіржан Моторс» ЖШС, «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС, «Дим димич компани» ЖШС);
- Тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарын бұзу бойынша – 59 құқық бұзушылық анықталып отыр.
Тұрақты емес тасымалдау қызметінде 23 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, такси көлігімен жолаушылар тасымалдау саласында 9 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 3 тасымалдаушы арнайы лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін құжаттары сотқа жолданды. Сондай-ақ, ауданаралық бағыттарда жолаушылар тасымалдау кезінде жолаушыларға билет таратпау және қоғамдық көліктердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жиі кездеседі.
Сонымен қатар, жыл басынан бүгіңгі таңға дейін, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментімен және «Адал жол» жобалық кеңесімен бірлесіп, жол бойында жолаушылар поездарына рейдттік шаралар жүргізіп, нәтижесінде жол құжатсыз (билетсіз) жүрген 101 жолаушы анықталған. Сонымен қатар, тасымалдаушылар тарапынан 541 қағида талаптарының бұзғандары анықталды. (штаб вагондары сейфпен жабдықталмауы, поезд құрамы жабдықталған төсек-орын жиынтықтарының пайдалану мерзімінің өтуі, вагондар екі түсті сигналы бар қол шаммен (фонарь) жабдықталмауы, поезд құрамы мүгедектерге арналған арнайы орындары бар вагондармен қамтамасыз етілмегені)
Жоғарыда аталған бұзушылықтардың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 (18 жеке тұлға, 18 заңды тұлға) хаттама толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылып, 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, өндірілді.
- Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың шілде айында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы жолаушылар поездарына деген билет дефицитін жою туралы нақты тапсырма берген болатын. Осыған орай, Инспекциямен Шымкент көлік прокуратурасы, Шымкент станциясындағы желілік ішкі-істер бөлімінің полиция қызметкерлерімен бірлесіп теміржол вокзалында билетті заңсыз сатумен айналысқан азаматтарға қарсы бірқатар жұмыстар жүргізді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде билет алып-сатушылардың жолын кесу мақсатында «ҚТЖ» АҚ-на бірнеше ұсыныстар жолданды, атап айтқанда:
1. Топтап билет сату жүйесін оңтайландыру, ол дегеніміз бір билетпен топқа арналып сатылатын билеттерді сатуды тоқтату;
2. Поезд құрамына билет сату процессі нақты жүйеге келтіруді;
3. Жазғы маусымда жолаушылар поездарына сұраныстың көбейетіндігіне байланысты вагондардың санын көбейту және қосымша поездар қосы туралы ұсыныстар жолданды. Жоғарыда аталғандардың негізінде, Инспекциямен жолаушылар поездарына бақылау басты назарда болады және құзырлы органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін атап өткім келеді, - деді Е.Жолдасов.