Түркістандықтар жаңа орталық арқылы шет елге жұмысқа орналаса алады

Oinet.kz 06-10-2024 31

Президентіміз Жолдауында алдағы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялайтынын айтты. Әрине, кадр мәселесінде елімізде тапшылық бар. Дегенмен жоғары жалақы көздеп шет елге кетіп жатқан азаматтарымыз да аз емес.

Screenshot_3.jpg

Бәрі бірдей ол жақта да жақсы жұмысқа орналасып жатпағаны анық. Олардың кейбірінің құлдыққа салынып, соңы ажал құшып жатқанын да бұқаралық ақпарат құралдарында сирек болса да айтылып қалады. Ел азаматтарының құқығы мен бас бостандығын қорғау, оларды елде ғана емес шет елде де маусымдық жұмыспен қамтылып, қауіпсіздігін арттыру мақсатында Үкімет басшылығы бірқатар шет елдермен әріптестік байланыс орнатқан болатын. 

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, ел азаматтарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында шеш елге жұмысқа орналасуға ниет білдірген азаматтардың сауаттылығын арттыратын «Алдын ала даярлық орталығының» Түркістан қаласында ашылған. 

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында ел азаматтарының барлық құқықтарының заң аясында қорғалатынын жан-жақты ашып, түсіндіріп берді. Ата Заңымызда жазылғандай республикамыздың басты құндылығы – адам. Біз әрбір ел азаматының шет мемлекетте де заңды құқығының қорғалғанын қалаймыз. Сондықтан бұл мәселе бүгін Түркістан өңірінде оң шешімін тауып отыр. Енді Түркістан өңірінің тұрғындары Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналаса алады. Кеше өңірімізге арнайы келген Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын. Содан кейін Біріккен ұлттар ұйымының Көші-қон агенттігінің Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопрак бізден бірге шетелдерде жұмысқа орналастыруды оқытатын «Алдын ала даярлық орталығының» салтанатты ашылуына қатысты. Орталық жұмыс іздеушілерге мағлұматтар мен кеңестер беру, тіл үйрету, қауіпсіз көші-қонды қамтамасыз ету, сапарға дайындау, тәжірибе арттыру, жалпы жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылды, - дейді облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев. 

Бір атап өтерлігі облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» қызметі мен жұмысын бастаған оқу орталығының кабинеттері заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Орталық жұмысымен танысқан шетелдіктер өз елдерінде жұмыс істеуге ниетті азаматтармен тілдесті. Сондай-ақ «Орталық Азиядан Ұлыбританияға маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші-қоны» жобасы аясында «Шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарды алдын ала даярлау орталығы» тақырыбындағы жиында бастаманың маңыздылығы айтылды. 

– Түркістанда бастау алған бұл жоба Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының бастамасымен, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Бұл қанатқақты жоба әзірге еліміздің үш аймағында қолға алынған. Бұл жобаға енген Түркістан өңірінде қазіргі таңда 2,2 миллионға жуық халық тұрады. Оның 850 мыңы еңбекке қабілетті. Алайда 46 пайызы өзі-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кіреді. Сондықтан біз үшін жұмыссыздықты азайту маңызды бағыт. Ел азаматтары көп жағдайда тіл меңгермегеннен, баратын елдің Заңдарын білмегендіктен, алаяқ әрі сенімсіз компаниялардың әсерінен түрлі кедергілер мен қателіктерге ұшырайтыны жасырын емес. Бұл бастама арқылы шетелден алдын ала сұраныстарды және бос вакансиялар алдын ала белгіленеді. Осы орталықтың ашылуына орай алғашқы топтарды оқыту басталды. Еңбекші-мигранттардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, көші-қонның қауіпсіз әрі сенімді жүргізілуі, қатысушылардың білімін жетілдіру, өзге де ресурстармен қамтуды үйлестіру жұмыстары облыстық «Еңбек мобильділігі орталығына» міндеттеліп отыр. Әрине елшілікпен бірлесе атқаруға тиіспіз. Өңір тұрғындары осындай мүмкіндікті пайдаланғаны абзал, – деді облыс әкімінің орынбасары. 

Ал Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич арнайы еңбек ұтқырлығы орталығының сенім телефонын іске қосу, мамандарды кешенді оқыту және қажетті жабдықтармен қамту керегін жеткізді. Статистикалық деректерді де ортаға салды. Оның айтуынша, соңғы жылдары Ұлыбританияға маусымдық жұмыскерлер бағдарламасы бойынша келетін қазақстандықтардың саны айтарлықтай өскен. Мәселен, ол елге 2019 жылы маусымдық жұмыскердің визасын 4 адам алған болса, 2024 жылдың І жартыжылдығында 4400-ден асқан. «Біз үміткерлердің Ұлыбританияда өмір сүру мен жұмыс істеудің оң тәжірибесі бар екеніне көз жеткізуге басымдық береміз. Ол үшін осындай мамандандырылған көшпелі дайындық ақпараттық орталығының ашылуын құптаймыз», - деді елші.

Көші-қон агенттігінің Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопрак болса, көшпелі дайындық жұмыскерлердің жаңа ортаға тезірек бейімделуіне ықпал жасайтынын атап өтті. Бұл тәжірибе Қырғыз, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінде қолданысқа ие. Орталық Азия елдерінің үздіксіз экономикалық ілгерілеуіне, жұмыссыздықты азайтуға, серіктестікті нығайтуға және дүниежүзілік миграциялық қозғалыстарға септігі мол екенін айтты. 

Қазірден жоғарыда аталған елдерге маусымдық жұмысқа ниет білдіргендер орталыққа келіп, арнайы курстарға жазылуда. 

Түркістан қаласында туризмді дамытуға бағытталған жобалар жетерлік
Мақтаарал ауданында жаңа технологияның арқасында өнімділік 2,5 есеге ұлғайған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу