Шардара ауданы суармалы егістік алқабтарын ұлғайтуда

Oinet.kz 07-10-2024 27

Мемлекет басшысы Жолдауында су ресурстарын үнемдеу арқылы егістік көлемін арттыруды тапсырды. Шардара ауданында осы бағытта атқарылған жұмыстар көңілге қонымды. 

Screenshot_5.jpg

Жалпы аудан тұрғындарының айтуынша, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевты халық өткен сайлауда өзгері таңдап сайлап алған. Содан бері ауданда көп жұмыс атқарылды деп отыр аудан тұрғындары. 

Атап айтсақ, аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың бастамасымен  Шардара-Келес бағытындағы кіреберіс қақпа заманауи үлгіде жаңғыртылған. Биыл 220 пәтерлі көпқабат тұрғын үй салынып, тұрғын үй кезегімен берілгелі отыр екен. Осы жылы шешімін тапқан жұмыстың бірі – аудандық «Жастар ресурстық орталығына» берілген жаңа ғимарат құрылысы. Бұдан бөлек аудандық емханаға апаратын жолға асфальт жабыны төселіп, автотұрақ салынған.  Шардара қаласында 16 көшеге және Қоссейіт,Қ.Тұрысбеков ауылдық округтеріндегі 14 көшеге асфальт жабыны төселген. Жаушықұм ауылы табиғи газға қосылса, №4-ші шағын ауданында жаңа саябақ салынуда. Сондай-ақ тазалық жұмыстары жүйелі түрде қолға алынған. Ал ауанға жыл басынан бері 26,2 миллиард теңгенің инвестициясы тартылған. 

Бұдан бөлек, Шардара-Жетісай бағытындағы кіреберісте абаттаныдру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрынғы құрылыс бұйымдары комбинаты (КСМ) жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Ең бастысы Шардара қаласын таза ауыз сумен қамту мақсатында «Тама-Тастанбек» жобасы іске асырылуда.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында жүзеге асырылуы керек бірқатар бағыттарды айқындап берді. Президент тапсырмасын басшылыққа алып, алдағы 6 жылда ауданымызда атқаруға ыңғайлы, оң жамбасымызға келетін 4 бағытты таңдадық. Атап айтсақ, олар: туризм, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және балық шаруашылығы. 2024-2030 жылдар аралығында 154 инвестициялық жобаны жүзеге асыу арқылы 4 мың адамды тұрақты жұмыс орнымен қамту жоспарда бар. Жобалардың жалпы құны 210 миллиард теңгеден асады. Өнеркәсіп және сауда саласында 49 жоба, туризмде 16, балық шаруашылығында 75 және ауыл шаруашылығында 14 жоба жоспарланған. Нәтижесінде 2030 жылға дейін ауданға тартылған инвестиция көлемі 3,2 есе өседі деп болжануда. Ал өнеркәсіп саласында 27 жоба жүзеге асып, зауыттар мен өндіріс орындары көбейеді. 2300-ге жуық адам жұмыспен қамту ойда бар. Осылайша, өнеркәсіп өнімін 100 миллиард теңгеге жақындатып, 4 есе өсіру көзделіп отыр. Ауданда егістікті әртараптандыру, көкөністі, дәнді дақылдарды  терең өңдеу салалары бойынша да жұмыстар атқарылатын болады, - дейді аудан әкімі Арман Қарсыбаев. 

Тағы бір атап өтерлігі, Шардараның географиялық ерекшеліктерінің бірі – ағын су. Осы мәселені бағамдай білген аймақ басшысы аудан әкіміне ауданның географиялық ерекшелігін қарастыра отырып су қоймасы мен суармалы алқаптарын тиімді пайдалануды тапсырған болатын. 

«Шардара ауданында суармалы жер көп. Өсімдік шаруашылығын дамыту, егістікті әртараптандыру бойынша мүмкіндік өте жоғары. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Инвестиция тарту жұмыстарын күшейту қажет. Біз 2030 жылға дейінгі даму жоспарын не үшін әзірлеп отырмыз? Нақты индикатор қойып, әр жылға бөліп, бекітіп алмасақ, жұмыс жүйелі болмайды. Идея табылса, қаржы тапшы, қаржы табылса, жобалар болмай қалмауы үшін 6 жылға жоспар жасадық. Осыны жүзеге асыру үшін барлық басқарма өздері жауапты сала бойынша жұмыс істейді, инфрақұрылым тарту және тағы басқа мәселелерді шешеді. Сонда ғана жобалар  іске асып, аймақтың экономикасы көтеріледі», – деген Дархан Сатыбалды Шардара ауданында бірінші кезекте суармалы егіс алқаптарын ұлғайтуды тапсырған болатын. 

Жалпы биыл Шардара ауданында 57800 гектар жерге дақылдар егілген еді. Өнімділік жоғары. Енді ала жаздай бел жазбай егіс даласында тер төккен шаруалар сабан тойға әзірленіп жатыр.

Мақтаарал ауданында жаңа технологияның арқасында өнімділік 2,5 есеге ұлғайған
Түркістан облысында инфрақұрылым жүйелері уақыт талабына сай жаңғыртылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу