Батутта ойнағанда абай болыңыз!

Screenshot_8.jpg

Жаз мезгілінде саябақтар мен үй аулаларында әртүрлі көздің жауын алатын батуттар орнатылады. Балалардың батутта секіріп ойнауды ұнататыны соншалық, ішінде сағаттап қалып қоятын кездері де аз емес. Баланы ойнатқан дұрыс-ақ, дегенмен Сіз батуттың қаншалықты санитариялық талаптарға сай екендігіне мән беріп көрдіңіз бе?!

Сырт көзге зиянсыз көрінетін бұл батуттарда балалардың жарақаттануына себеп болатын әртүрлі жағдайлар болып жатады. Шаң-тозаңды жоғары көтеріп секіргенде, балаларыңыздың ауру жұқтырып алуы да ғажап емес. Яғни, санитарлық жағдайға сәйкес болу қажеттігі тағы бар.

Бірақ, қажетті талаптарды кәсіпкерлердің барлығы бірдей орындай бермейді. Кәсіпкерлер Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету қажет.

Балалар арасында түрлі инфекциялық аурулардың таралуын алдын алу мақсатында бірқатар санитариялық талаптарды сақтаған жөн:

- ойын жабдықтары орналасқан алаңдардың жабыны денсаулық үшін қауіпсіз (жарақаттануды болдырмайтын) материалдардан жасалынуы керек, қондырғылардың ақауы болмауы тиіс және уақтылы жөнделу қажет;

- ойын жабдықтарының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттары болуы тиіс;

- батуттар мен аттракциондардағы басқа да ойын жабдықтарына уақытылы дезинфекциялау, жуу-тазалау іс-шаралары жүргізілуі және жеке бас гигиенасын сақтауға жағдай жасалынуы қажет;

- батут орналасқан аумақ таза ұсталыну қажет.

Осы сияқты санитариялық талаптар сақталмаған жағдайда, балалар арасында түрлі инфекциялық аурулардың жұғуы қаупі бар.

Бүгінгі күнге Шымкент каласы бойынша жылжымалы орнатылған 16 батуттар жұмыс істеуде, оларға санитариялық талаптардың сақталуы бойынша санитариялық ағарту жұмыстары жүргізілді және осы бағытта түсіндіру жұмыстары жалғасуда.


Ә. Қ. Төлебаев, Шымкент қаласы

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау

департаментінің басшысы 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер