Қонақжайлылық индустриясы қашан да актуалды

image.png

Түркістанда қонақжайлылық индустриясы, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, бүгінгі күні ең қарқынды дамып келе жатқан сала. Қонақ үй және мейрамхана желілері өсуде, жаңа мекемелер ашылуда және олардың табысты жұмыс істеуі үшін кәсіби кадрлар қажет.
Қазіргі кезеңде қонақ үй және мейрамхана бизнесі үшін мамандар даярлау мәселесі өзекті болып отыр, қоршаған ортаға тез бейімделуге қабілетті, практикалық қызметке дайын, неғұрлым перспективалы және икемді шешімдерді анықтауға және сұранысты болжай білуге қабілетті кәсіби мамандарға деген сұраныс артуда. Ал қаладағы "Самарқанд" мейрамханасы қаладағы қонақжайлықтың айқын көрінісі десе болады.

Шығыс рухының интерьері, стильді аксессуарлар мен ерекше жайлы атмосфера арқасында сіз шығыс ертегі еліне тап боласыз. Мейрамхананың сиқыршы аспаздары қонақтары үшін таңдаулы және  дәстүрлі тағамдар: хош иісті және өз дәмімен масайрататын палау, дәстүрлі шығыс наны, дәмді және шырынды  қытырлақ қабығымен самса ұсынады. Жас қой етінен дайындалған сорпа да келуші туристерді бей-жай қалдырмайтын көрінеді. Жиырмаға жуық ғажайып кәуаптардың түрлері кез келген қонақты қанағаттандырады. Ыстық тағамдардың үлкен таңдауы, дәмді десерт және жеңіл тәттілер әр қонақтың көнілінен шығады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістандықтар «Worldskills Kazakhstan-2019» чемпионатында жүлдегер атанды
  • Ата кәсіпті дәріптейтін ағаш ұстасы
  • Түркістанда іскер әйелдер форумы өтті
  • Рашид Аюпов: «Жастардың идеяларын қолдауға барынша жағдай жасау керек»
  • Дүкендер ашылып, 40 адам жұмыспен қамтылады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер