Түркістанда жаңа жұмыс орындары ашылып, кәсіпкерлік саласы өркендейді

computer-work-internet-560x373.jpg

Бүгінгі таңда Түркістан қаласында көптеген оң өзгерістер орын алып жатыр. Қаланың көркі күн сайып ашылып, тұрғындар мен қонақтарға зор қуаныш сыйлауда. Қаланың алға қойған жоспары өте ауқымды. Түркістан түркі әлемінің рухани астанасы атанып қана қоймай, шетелден келетін туристер санын арттыру, жұмыс орындарын көбейту басты назарда тұр. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Қаланың көркін ашып, туристік әлеуетін арттыруда зор еңбек сіңіріп жүрген қала әкімі Рашид Аюпов әлеуметтік желідегі парақшасында ақжолтай жаңалықпен бөлісті.  

«Түркі халқының ошағы атанып кеткен Түркістан үшін бүгін маңызды күн. Түркістан бүгін бүкіләлемдік «Біріккен қала және жергілікті билік» ұйымының мүшесі атанады.

Бұл оған әлемнің 120 еліндегі бір мыңнан аса қаламен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жыл бойы сол мемлекеттерде тегін жарнама жүреді. Туристтердің келуіне үлкен үлесін қосады, әрине ол қаламызда кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс орындарын ашуға себеп болады», - деп жазды қала әкімі. 

Енді аталған ұйымға мүше болған Түркістанда жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың экономикалық ахуалы артатын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер