Қонақ үй кәсібімен айналысатындар көбейді

bfee9843-273b-47b8-ae93-4ce03a2742cc-2.jpg

Түркістан қаласы өзінің ерекше ескі ғимараттарымен, дәмханаларымен, қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Бүгінде қалаға келуші қонақтардың саны күн санап өсіп келеді. Осыған орай қаланың әл ауқаты жақсарып, келген қонақтарға не түрлі қызмет көрсетіледі. Мәселен келген қонақ ең алдымен баратын қонақ үйлер қазірде жөндеу жұмыстарынан өткізіліп, сұлу қалыпқа енді. Қонақ үй кәсібі де сондықтан шаһармен бірдей ілесіп дамып келеді. Көне Түркістанда келбет беретін осындай ғимараттардың бірі -  Алпамыс қонақ үйі. 

Алпамыс қонақ үйі қаладағы көрнекі жерлердің бірі Қожа Ахмет Ясауй мешітінің маңайында орналасқандықтан болар, бұл жерден турист үзілген емес. Келген турист ең алдымен қаланың гүлденуіне ықпал етеді. Мәселен турист туристік сапарға құр-қол шықпайтыны белгілі, демек ол қалаға қаражат жұмсау арқылы қала экономикасына едәуір үлес қосады.

Алпамыс қонақ үйіне қонақтаған туристер сонымен қатар сол жерден нағыз қазақы тамақтана да алады. Кәсіп басшылығының айтуынша, келген туристер біздің қонақжайлыққа дән риза.

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов айтқандай қаланы екі бағытта дамыта аламыз. Оның бірі туризм болса, кейінгісі кәсіпкерлік. Қаладағы кәсіпкерлердің саны көбейсе, жұмыссыздықтың саны азайып, халықтың тұрмыс-тіршілігі артатыны анық.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер