Жеке кәсіпкер жер асты өтпе жолын жаңартты

IMG-20191118-WA0092-1024x682.jpg

Түркістан қаласындағы жалғыз өтпе жолының ескіріп, әбден тозғанына қала кәсіпкерлері де бейжай қарамайды. Қаладағы жеке кәсіпкер Арыстан Сүлейменов жер асты өтпе жолын жаңартуға ықпал етіп, өз басшылығына алған болатын. Бүгінде өтпе жолы жаңа кейіпке еніп тұрғындар дән риза. Бұл ең алдымен қаланы заманауи стандарттарға сай келтіру үшін кәсіпкерлер де бейжай қарап отырмағанының айқын бейнесі.

Арыстан Сүлейменов жаңарту жұмыстарын жандандырып, нәтижесінде бүгін қала әкімі Рашид Аюпов бастаған әкімдік қызметкерлері арнайы барып, қазіргі кейіпіне оң бағасын берді. 3 ай бойы жұмысшылардың күн-түн демей атқарған қызметтерінің арқасында жаңаша кейіпке енген өткел енді көрікті орындардың біріне айналды.

Шаһар басшысының кезекті қадамы қалалық полиция басқармасының жанынан ашылғалы жатқан фронт-офистың қызу тірлігіне куә болумен жалғасты. Халықтық кеңсе – полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін іс жүзінде қамтамасыз етуді көздейді. Онда тұрғындар полицияға қатысты көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауап пен шешімдерді алады. Яғни, әр арыз-шағым да осы жерде қаралып, тиісті мамандарға жолданатын болады. Офистің есігі азаматтардың игілігі үшін жуық арада айқара ашылмақ. Рашид Абатұлы өз кезегінде басқарма жанындағы қоршауларды алып, келушілерге ыңғайлылық танытуға жағдай жасауды тапсырды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2032 жылы астероид Жермен соқтығысуы мүмкін
  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер