«Қарияларға құрмет-ұрпаққа міндет!»

Screenshot_12.jpg

Қарттықты құрметтеу және үлгі тұту, қарт адамдардың сіңірген еңбектерін, мемлекеттің дамуына қосқан көптеген үлестерін мойындау белгісі ретінде Қазақстанда жыл сайын 1-қазан күні Халықаралық қарттар күні аталып өтуде. Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару; қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым-қатынасты өзгерту мәселелерінен халықтың хабардарлығын арттыру, қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтім, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау.

   Ел қазынасы қарияларды ұлықтайтын мереке қарсаңында  Түлкібас ауданының  әкімі Н.Тұрашбеков және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Қасымбек аудан  аумағындағы 90 жастан асқан қарияларымыздың үйлеріне арнайы барып, мерейлі мерекелерімен құттықтады.

Қазақ елі «Қарты бар елдің қазынасы бар» деп бекер айтпаған. Бар ғұмырларын еңбек пен ұрпақ тәрбиесіне арнаған жандар қашанда қолдауға мұқтаж. Осы орайда, арнайы сый-құрмет көрсетіп келген аудан басшысына қарияларымыз өз тараптарынан шексіз алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер