Құрметке лайық жандар

Screenshot_1.jpg     

 Жетісай ауданында бірқатар мамандық иелері құрметке бөленді. Нақтырақ айтқанда Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының ғимаратында әр жыл сайын 3-ші қазанда өтетін «Мұғалімдер күні», «Қарттар күні» және «Кәсіподақ қызметкерлерінің күні» мерекелеріне орай «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты аудандық мерекелік іс-шарасы өтті. Аудандық әкімдігі баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша салтанатты кешке Жетісай ауданы әкімінің аппарат басшсы Біржан Райымбеков, Жетісай ауданы әкімнің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, ардагер ұстаздар, және барлық бөлім басшылары қатысты.

Жалпы іс-шара «Ұстаз» сахналық көрінісімен ашылды. Мұнда тәрбиесіз берілген білімнің балаға ешқандай пайдасы болмайтынын театр артистері керемет жеткізе білді. Өз кезегінде «Әлқисса»ұлт-апаптар оркестрі «Қызылқайың серпер» күйін нақышына келтіре орындап көпшілк қауымды бір серпілтіп тастады. Жиын барысында әр түрлі салада жетістікке жеткен ұстаздар, білім министрінің, аудан әкімінің, білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымының алғыс хат құрмет грамоталарымен марапатталды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер