Ақсақалдар жол құрылысына бақылау жасауда

Screenshot_10.png

Жол сапасы барлық уақытта өзекті. Жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлердің өз міндеттерін сапалы орындауы күн тәртібінен түскен емес. 

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында жүріп жатқан жол құрылысы жұмыстарының сапасына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары және ауыл ақсақалдары бақылау жасады. Бұл туралы Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Еске сала кетейік, Абай ауылының ішкі 23 көшесіне «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық қаржы есебінен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен абаттандыру жұмыстары қоса атқарылуда. Бүгінгі таңда аталған құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуық көшесі аяқталып, аудан орталығының басты 2 көшесі яғни, Д.Қонаев көшесі мен Т.Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қараша айының соңында аяқталуы жоспарланған құрылыс жұмыстарының сапасына бақылауды қолға алған аудан ақсақалдары бірқатар сын-ескертпелер айтты. Аудан әкімінің орынбасары С.Қарақұлов айтылған кемшіліктерді жою бойынша тиісті мердігер мекеме өкілі мен ауыл әкіміне тапсырмалар жүктеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер