«Туған жер» аясындағы игі іс

Screenshot_14.png

-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясындағы «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыруда еліміздің кәсіпкерлері мен меценаттары тарапынан жақсы қолдау тауып келеді. Басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық көрсетіп, қолдарынан келгенше игі жұмыстар атқаруда, деп хабалады,- Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Осы орайда Төлеби ауданы Алатау ауылдық округінің тумасы, жеке кәсіпкер Бегалы Шералыұлы туып өскен ауылына «Ырысбайұлы-Шералы ата» халал дәмханасын салып берді.

Мұнда ауыл тұрғындары кез келген уақытта ешқандай ақы төлемей-ақ құдайы, ауызашар өткізе алады. 30 миллион теңге көлемінде соғылған ғимарат 252 адамға арналған. Әлеуметтік маңызы бар нысан орындық, ыдыс-аяқ сынды керекті заттармен толық жабдықталған. Тек жақсы істерді жасауға ниет еткен азаматтар болса болғаны.

«Бөтен жердің гүлінен туған жердің тікені артық» дейді қазақ. Әрбір отандасымыз кіндік қаны тамған, балғын балалық шағы өткен жеріне, ел алдындағы парызын өтеуге алдағы уақытта да ықпал ететініне сенімдіміз.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер