5 қаулы қабылданды

Screenshot_4.jpg

Облыс орталығына айналған Түркістанды түлету жұмыстары бүгінде қарқын алған. Жақында облыстық мәслихаттың сессиясы өтті. Жиында өңір басшысы Өмірзақ Шөккев бір айдың көлемінде Үкімет тарапынан Түркістан  облысы үшін аса маңызды 5 қаулы қабылданғанын хабарлады. «Бұл – тарихта болмаған жағдай. Оның облыс және Түркістан қаласы үшін ең маңыздысы – «Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары». Сонымен бірге өзге қаулылар да Түркістан үшін аса маңызды. Облысымызға мемлекет тарапынан айрықша қолдау көрсетіліп отыр», – деді облыс әкімі.

Ел Үкіметі тарапынан жоғарыда аталған қаулыдан бөлек  «Түркістан қаласын салу шеңберінде жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алынатын тұлғаларды айқындау» жөніндегі қаулы , сондай-ақ «TURKISTAN» еркін экономикалық аймағы мен әкімшілік-іскерлік орталығын, Түркістан қаласын дамыту көзделген қаулылар қабылданған.  

         Үкімет қабылдаған қаулыларға сәйкес, облыста барлық сала бойынша ауқымды жұмыстар атқарылады. Ауыл шаруашылығы, құрылыс, идеология, өндіріс, индустриалды аймақтарды дамыту жолында үлкен жоспарлар жүзеге асырылады дейді мамандар. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер