Мал шаруашылығына бейім келетін Түркістан облысы өнімді өндіріп қана қоймай оны экспорттау көрсеткіші бойынша өңірлер арасында көш бастап келеді. Мамандардың дерегінше жыл басынан бері облыста 5 мың тоннаға жуық ет 130-мың тоннадан астам көкөніс өнімдері шеткі аймақтарға экспортталған. Негізгі талап бойынша біздің өңір жыл соңына дейін 5 мың тоннаға ет экспорттауы керек болатын. Ол жоспар тек төрт айдың өзінде орындалған.
Төрт түлік еті негізінен көрші Өзбекстан, Ауғанстан және Біріккен Араб Әмірліктеріне саудаланған. Сонымен қатар көкөніс өнімедерін шетке сату бойынша да тапсырма артығымен орындалып жатқан көрінеді. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы берген ақпаратқа сүйенсек жыл басынан бері сатылған өнімнің басым бөлігі көрші Ресей еліне саудаланған. Әлі де сұраныс жоғары екен. Сол сұранысты қанағаттандыру үшін бүгінде мал басын көбейту жұмыстары қолға алыныпты.
–Біз мал басын көбейту мәселесінде үнемі назарда ұстап отырмыз. Мәселен жыл басынан бері өңірде төрт түлік саны 3 пайызға артқан. Оның ішінде жылқы үш пайызға, қой 2 пайызға және ірі қара саны 3 пайызға көбейген. Жыл соңына дейін осы көрсеткішті бақылауда ұстайтын боламыз»,- дейді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов