Сыбайлас-жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отырған мәселенің бірі. Ол заңды да. Себебі жемқорлық жайлаған мемелекет ешқашан өркендемейді. Жең ұшына жалғасқан осы бір дертпен күресте Қазақстан да белсенділік танытуда. Әр өңірде жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік принпипі қалыптасып келеді. Теріскейліктер де сыбайластыққа жоқ деген ұранды ұстануда.
Таяуда Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша "Созақ жастары" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу баршамызға ортақ іс" тақырыбында Жартытөбе ауыл округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесуге қатыстақн "Созақ үні" газетінің тілшісі Біржан Шотұлы қоғамда болып жатқан қауіпті індеттің зиянын түсіндірді. Тірлігімізді тек парамен ғана тез шешеміз деген ойдан аулақ болуға шақырды. Ал "Созақ жастары" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жандар Бекбергенұлы сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң талаптарын хаылққа айтып өтті.
Шара соңында ұйымдастырушылар дәл осындай кездесулер алдағы уақытта 28 елді-мекенде өтетін хабарлады.