Судан проблема жоқ

Screenshot_8.jpg

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев тиісті сала басшыларымен, аудандағы ағын су мәселесіне шешу жолында істелініп жатқан жұмыстардың барысымен танысу мақсатында «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК тиеісілі каналдар мен қашыртқыларды аралап көрді. 

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жалпы аудан бойынша ұзындығы 629,0 шақырым 145 дана канал және ұзындығы 403,2 шақырым 147 дана қашыртқылар бар. Барлық су жүйелері ұзындығы 1032,2 шақырымды құрайды. Республикалық меншікте үш су бөгеті (Ошақты, Бес-Абдал, Оймауыт) және 25,0 млн м3 су сиымдылығы бар Ақылбексай су қоймасы бар. Аудан бойынша биылғы жылға аудан бюджетінен 120 шақырым канал, 1 шақырым қашыртқыны механикалық тазалау үшін қаржы қаралып, бүгінгі таңда механикалық тазалау жұмыстары аяқталуға жақын қалды дейді мамандар. Облыстық бюджеттен Араншы-2 каналы 13,9 шақырым, Ұшқын ауылдық округіндегі қашыртқылар 77,1 шақырымға тиісті қаржылары қаралып, қазіргі таңда Араншы-2 каналы толық тазалаудан өткен. Ал Ұшқын ауылдық округіндегі қашыртқыларын  тазалау жұмыстары 30 пайызға орындалып отыр.     

     Қошқарата елді мекенінде орналасқан Келес өзенінен өтетін Дюкер гидроқұрылымы ағымдағы жөндеуден өткені де тұрғындарды қуантып отыр. «Келес ауданының су шаруашылығы» МКК–і ауданның су пайдаланушылармен келісім-шарттарға тұрып лимиттегі қаралған ағын суды жеткізіп беруде, ауданда су тапшылығы сезілмей тұр.  Салаға жауаптылар су пайдаланушылырмен келісім-шартқа тұру жұмыстарын жалғастыруда. 

       Каналдарды аралау барысында аудан басшысы Ақментай Үсенұлы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, тиісті бөлім басшыларына жылдың су тапшылығы сезілетін ең маңызды айында шарулар судан тапшылық көрмеуі керектігін баса айтты.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Таңдау жасадыңыз ба?
  • Торға түсіп қалмаңыз...
  • Түркістандық кәсіпкер ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін дамытпақ
  • «Rixos Turkistan» қала экономикасының дамына орасан зор үлес қосуда
  • Қыспаққа түскен тағдыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер