Күні кеше Мейрамбек Бесбаевты "Зибаш-ай" атты халық әнін білмегені үшін Роза Әлқожа сынап тастаған болатын. Ал енді Әбдіжаппар Әлқожа бағдарламаға дайындықсыз барғанын алға тартып, Бесбаевтан кешірім сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жайында Роза Әлқожаның інісі Instagram парақшасында жариялап, "Жұлдызды жекпе-жекте өзіне қарсылас болған Жолдасбек Әбдихановты жеңісімен құттықтады.
"Осы күнге дейін халық алдында ән айтқаныммен, өнер майталмандары алдында ән айтып көрмеген едім. Маған үлкен тәжірибе болды. Мейрамбек аға, мені байқап, елегеніңізге рахмет. Дайындығым аз болғаны үшін, осындай мықты бағдарламада еркелікпен барымды көрсете алмағаным үшін кешірім сұраймын", - деді Әбдіжаппар Әлқожа.