Кеше орталық коммуникациялар қызметінде есеп берген Астана әкімі Əсет Исекешев белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді. Еліміздегі гонорары ең көп асаба енді Астанадағы сатира театрын басқармақ деп хабарлайды NUR.KZ.
Астана әкімі Əсет Исекешевтің сөзінше, елордада әзіл-сықақ театры ашылмақ.
"Оның көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Қабатов болмақ", - деді әкім.
Сонымен бірге брифинг барысында Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының да жаңа ғимараты салынатыны белгілі болды.
"Бұл бастама мемлекет басшысының тікелей тапсырысымен қолға алынып отыр. Қазір аталған жұмысқа кірісіп те кеттік", - деп қысқа қайырды Əсет Исекешев.