Сәкен Майғазиев "Дос-мұқасанға" тіл тигізген "Ялла" тобының мүшесін ұрмақ болды

Screenshot_1.jpg

Танымал әнші өнердегі ағасына неліктен жұдырық ала жүгіргенін түсіндіріп, Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдеріне өтінішін жеткізді. Бұл туралы әнші Астана арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтты.

Сәкен Майғазиев өзі барған тойлардың бірінде "Ялла" тобының дыбыс режиссерімен неліктен жаға жыртысқанын түсіндірді. Айтуынша, ол Қазақстандағы белгілі топтардың біріне тіл тигізген. Осыдан кейін намысқа шыдамаған әнші ағасына жұдырық ала жүгірген.

"Ялла" тобындағы ағалардың арасында дыбысты ретке келтіретін режиссер бар. Ол кісінің мұндай адам екенін қайдан білейін?! Біздің "Досмұқасанмен" тең ансамбль көріп, жапа-тармағай жүгіріп барып амандастым. Мен үшін аты аңызға айналған топ еді. Бірде әлгі азамат тойды ұйымдастырушылардан "Біз қашан шығамыз?" деп сұрады.

"Қазір, "Досмұқасан" тобынан кейін шығасыздар" деп еді, "А, вот эти что ли?!" деп ән айтып тұрғандар жаққа қарады. Осы сәтте менің қаным басыма шауып, әлгінің жағасына жармастым. Бұған "Музарт" тобындағы жігіттер куә. "Сен кімсің "вот эти" деп сөйлейтін? Осындай деңгейге жеттің бе? "Досмұқасан" аңызға айналған топ. Неге олай айтасың?" деп айғайладым", — деді Сәкен Майғазиев.

Әрі қарай әнші Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінен осы елге аз да болсын құрмет көрсетуді сұрады. Себебі, бүгінде қазақтан қамқорлық көрмеген ұлт кемде-кем.

"Ең құрығанда, осы жерге келгеннен кейін елін де құрметтесе екен деген тілек бар. Қазақ халқының даралығын, даналығын, кемеңгерлігі мен қонақжайлылығын айтып мақтаса екен деймін. Мейлі шешен болсын, мейлі басқа ұлт өкілі болсын, қазақтан қамқорлық көрмей қалған халық жоқ", — деп қорытты сөзін әнші.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер