Отандық эстрада жұлдызы Жазира Байырбекова өзінің неден ұялатыны туралы айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.
Әнші жазбасында өзі туралы барлық шындықты айтқан. Ол өзінің жуас екенін, көп нәрседен ұялатынын жазыпты.
"Денеме жабыстырып көйлек киюге ұяламын. Мектепте, студент кезімде билеуге ұялатынмын. Дискотекаға да барып көрмегенмін. Өзімнен үлкеннің көзінше баламды еркелетуге ұяламын. Саxнаға, xалықтың алдына арзан көйлекпен шыға салуға ұяламын",- деген ол жазбасында.
Бұл сөздерді оқыған желі қолданушылар әншіге түрлі пікірлер жазып қалдырған. Оқырмандар әншінің "Сіз неден ұяласыз?" деген сұрағына әр түрлі жауап беріпті.