Еңбекші ауданы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында құрылған мониторингтік топ қоғамдық көліктердегі санитарлық талаптарды бақылауға алды. Алдымен №27, 150 және Ақсукент-Шымкент бағытында қатынайтын көліктердің жұмысымен танысып, тазалық талабын сақтамағандарға ескерту жасалды.
Сонымен қатар, сауда орындарына да рейд жүргізген мамандар, карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 78 коммерциялық құрылымдарға тиісті ескерту берді.Ал, карантин режимін бұзған 2 сауда орынына хаттама толтырылды.
Еске сала кетейік, кәсіпкерлік нысандары санитарлық режимді сақтап, келушілерге үнемі бетперде мен қолғап, антисептикпен қамтамасыз етуі қажет. Олай болмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.