Жания Джуринская Баян Мақсатқызының кастингіндегі бүкіл шындықты жайып салды

image_750x_5b1647f6e596a.jpg

Жәния Джуринская бүгінде танымал актриса болғанымен, бір кездері ол Баян Мақсатқызының қарамағындағы топта ән салған. Десе де, Жәния ән айту қабілетінің төмен екенін мойындап отыр. Алайда соған қарамастан, Джуринская ешқандай таныссыз еліміздегі ең беделді продюсерді баурап алғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл орайда Жәния Джуринская осыдан 8 жыл бұрын өмірін күрт өзгерткен оқиға жайлы баяндап берді.


“2010 жылдың ақпан айында құрбым екеуміз “Ғашық жүрек” фильмінің кастингіне бардық. Менің үстімде қара лосины, қабылан түстес жемпір мен дөрекі аяқ киім болатын. Шашымды “үш қабат” қылып көтеріп алғанмын.


Үлкен кезекте тұрған қыздар кабинетке кіруге қорқып тұр. Жаңылысқанымды, өтуге мүмкіндік жоқ екенін түсіндім. Үміт болмағандықтан, қорықпастан ең бірінші болып сол есікке кірдім. Сағызымды шайнап, мәз болып, шығып кетуге дайын тұрдым. Сол сәтте маған “қолыңнан не келеді?” деген сұрақ қойылды. Ұзақ ойланбастан: “Бәрі. Кір жуамын, ас әзірлеймін, ән айтамын, билеймін, тігемін”, – дедім. Әрине, бұл қалжың болатын. Оны ешкім түсінген де жоқ. Бірақ сөзіме сеніп, екінші қабатқа жіберді.


Ашығын айтсам, не болып жатқанын мүлдем түсінбедім. Күтуімді өтініп, ресепшнге шығарып салды. Арада 10 минут өтпей ресепшнде тұрған диванның үстінде ұйықтап қалдым. Өздеріңіз түсінгендей, “қобалжығаным соншалық, өзімді қоярға жер таппадым”. Ұйқыдан оянғанымда жанымда екі қыз отырған”, – дейді Жәния сол күнді еске алып.


Арада біраз уақыт өткен соң, кастинг ұйымдастырушылары Жәнияны продюсерлер отырған бөлмеге шақырған.


“Әлі есімде, ортада жалғыз орындық тұрған еді. Қуана-қуана соған отыра кеттім, шоу болатынын күттім. Бірақ бағдарламаның нағыз “жұлдызы” өзім болатынын кім білген?!” – деп түсіндірді Жәния.


Бір қызығы, өзге арулар Баян Мақсатқызының тобына қосылуды армандағанымен, Жәния азулы продюсерді мүлдем танымаған.


“Бір кезде Баян Мақсатқызы кіріп келді (оны көргенде “неткен сұлу қыз” деп ойладым. Тіпті, кімнің кеңсесіне келіп тұрғанымды білмеген екенмін. Бағым, КешYou тобының қыздары, Майра, Әділжан, Мереша, қысқасы бәрі сонда болды.


Ән айтуымды өтінді, бақталастарым Агилера мен Бейонсенің әнін шырқап жатқанда, мен қолыммен аузымды жауып, күліп тұрдым. Себебі менің мекенім емес.


Енді кері қайта алмайтынымды біліп, тығырықтан шығудың жолын іздедім. Плейлистімді ақтарып, кавказдық шансоннан басқа ештеңе тыңдамайтынымды түсіндім. Жатқа білетін жалғыз әнім «небо над землей, цветными красками мы идём с тобой в поход за сказками» екен. Иә, достар, Баян Мақсатқызының кастингінде дәл осы әнді айттым. Оны қалай орындағанымды айтсаңыздаршы?!” – деген Жәния бұл көріністі де бүге-шүгесіне дейін сипаттап берді.


“Пансионатта өзінің құрбыларына арнап ән айтып тұрған әжейді елестетіңіздерші?! Шамамен мен де сондай болдым. Бір таңғалғаным, бұл көрініс ұзаққа созылды. Мені ешкім тоқтатпады. Таңырқап тұрғандарын көздерінен байқадым. Ең соңында басымды иіп, бар даусыммен “болды” дедім. Сол сәтте кетейін-ақ дедім, бірақ мені продюсердің күлкісі тоқтатты.


– Қайдан келгенсің?

– Байқоңырдан.

– Ертең дайындыққа сағат 2-де кел.

– Ок.


Бұл менің өмірімдегі ең бақытты күн десем де болатын шығар. Соңғы ақшама шоколад пен дизи алып, құрбым екеуміз үйімізге, яғни жатақханаға жаяу тарттық. Ертеңнен бастап өмірім күрт өзгеріп кететіндей көрінді. Тез арада ақша мен атаққа ие боламын деп ойладым. Бірақ бәрі сіздер ойлағандай оңай емес. Бұл туралы басқа жолы толығырақ айтып берермін”, – деді Джуринская.


Бұл орайда Жәния ешқандай таныссыз да жетістікке жетуге болатынын алға тартып, өзін қабылдаған Баян Алагөзоваға шексіз ризашылығын білдірді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер