Түркістан облысында еріктілер ауылға емхана мен мешіт салып берді. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сайрам ауданы Арыс ауылында амбулаториялық емхана мен мешіт ашылуына еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты. Ол әлемге дүрбелең салған індеттің алдын алу барысында салынған емхананың аға дәрігері Нурали Яқуповқа ғимарат кілтін табыс етті. Қайырымды һәм ерікті жандардың көмегімен салынып, пайдалануға берілген амбулаториялық емхананың орны ерекше екендігін айтты.
Емханада 5 дәрігер жұмыс істейді. Олар емханаға тіркелген 2430 адамға медициналық көмек көрсетеді.
Амбулаториялық емхана құрылысы Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің ұйытқы болуымен, ал Арыс ауылдық мешіті ерікті жамағатының көмегімен салынып, пайдалануға берілді.