«Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?

еденжуушы.jpg

Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев «Президент Әкімшілігі «Ең үздік жоба» деп танып, басқа облыстарда енгізуге ұсынылды» деп мақтаған  «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны 150 мың теңгемен жұмысқа алмақ болған мектеп директоры кәнісін толық мойындады. Бұл туралы «Рейтинг» газеті 17 қыркүйекте жарық көрген нөмірінде жариялады.

Басылым келтірген деректерге сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті берген мәлімет бойынша биылдың сегіз айында Түркістан облысының білім саласында 20 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркеліп,  республикада екінші орын алған. Ал, былтыр 12 айда облыстың білім саласында сыбайлас жемқорлықтың 9 фактісі тіркеліп, өңірлердің арасында 5-інші орын алған. Яғни, биылдың 8 айындағы көрсеткіш былтырдың 12 айындағысымен салыстырғанда екі есеге асып отыр. 

«Мақтаарал ауданындағы мектептің директоры Б.Шырымбекова сотта өз кінәсін толық мойындап, 06.09.2019 жылы сағат 10.00-шамасында мектеп ауласында жүргенінде танысы Д.Тулепова еден жуушы жұмысын сұрап келгенін, өзінде бүгінгі таңда жұмыс жоқ екендігін, бірақ жұмысқа былайынша қабылданбайтынын, жұмысқа тек қана «Ситсен» бағдарламасы арқылы кіре алатынын айтқанын, өз кезегінде Д.Тулепова «жарайды онда мен сейсенбі күні келейін» дегенде, өзі оған 150 000 теңге әкелсе жұмысқа қоятынын айтқанын, 10.09.2019 жылы сағат 16.00-шамасында Д.Тулеповадан 150 000 теңге ақшаны алып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы қызметкерлеріне ұсталғанын, жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетінін, айыппұл түріндегі жаза беруді сұрайтынын айтқан (сот үкімінен сөзбе-сөз келтіріп отырмыз – ред.). Сот оны  4,5 миллион теңге айыппұл салу жазасына кескен.  Көріп отырғандарыңыздай, «Ситсен» жемқорлыққа толық тосқауыл қойып жатқан жоқ. Неге? Бұл сауалдың жауабын осы жүйені атқарған  жұмысының нәтижесі ретінде көрсетіп жүрген Жолаевтың өзінен сұрау керек шығар (шындығына келгенде бұл жүйенің Жолаевқа дейін-ақ қолданысқа еніп қойғаны көпке белгілі, алайда Жолаев бұған келгенде «маған дейін» деген әңгімені айтпауы мүмкін). Әрине, біз бұл жүйені жерге ұрып,  құнын көк тиын қылудан аулақпыз. Мәселе директорлардың осы жүйені қалай айналып өтіп жүргенінде, кемшін тұстың қай жерінде екендігінде ғой. Жасаған кереметтерді біреу көтеріп әкетпейді. Ал кемшілік айтылмаса, мәселе ретінде көтерілмесе, жөнделмейтінін Жолаев мырзаның білмегені ме? 

Осыдан екі-үш жыл бұрын Елбасы білім саласындағы коррупцияға қынжылыс білдіріп, Оңтүстіктің  еден жуушыны да жұмысқа парамен қабылдайтын бірден-бір облыс екендігін айтқан еді. Жоғарыдағы фактілер осы  сөздің әлі де күшінде тұрғанын даусыз дәлелдейді» деп жазды «Рейтинг».


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер