Шымкентте өткен қайырымдылық концертте өнер көрсеткен Төреғали Төреәлі шымкенттік тыңдармандарға ескерту жасады. Суретке түсуге қолқалап, әншіні қаумалап алған халықты ол мәдениеттілік сақтауға шақырды деп жазады otyrar.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Оңтүстік жұрты Төреғали Төреәліні үлкен қошеметпен қарсы алды. Алайда сахнада тұрған әншімен суретке түскісі келген жұртты ол сабырға шақырып, мәдениеттілікті ұмытпауды ескертті.
«Бір-бірімізді сыйлайық. Әр жердің мәдениетін сақтауға тырысайық. Болмаса, менің ашуымды білесіздер», – деді ол.
Еске салсақ, аталған қайырымдылық кешінде Дастан Оразбеков, Нұрлан Абдуллин сынды жұлдыздар келіп, өнер көрсеткен.