Белгілі журналист телеарнаны сайқымазаққа айналдырған Тұрсынбектің шоуын сынға алды

preview_360p.mp4.jpg

«Қазақ үні» порталында белгілі журналист Қазыбек Иса Тұрсынбек Қабатовтың «ӘзілМен» бағдарламасын сынға алды деп хабарлайды Rgmedia.kz.

Журналист қазіргі таңда телеарналар сайқымазақ алаңына айналып кеткенін айтты. Ол бұл туралы былай деп ашына жазды:

Бүгін, жексенбіде «Қазақстан» ұлттық арнасынан «Бір өлең, бір әуен» атты хабарды көріп қатты риза болдым.

Күні бойы телеарналардағы бірінен бірі өтетін сайқымазақтардың ырду-дырдуынан, шоу мен шудан шаршап,  қатық етер татымы жоқ  хабарлардан   қажып отырғанмын. Әсіресе, «Әзіл MAN» деген аты да, заты да түсініксіз, қай жерінде күлуіңді білмей, кейіпкерлерінен бұрын қиналатын  ботқашоуға келгенде, денсаулығымды ойлап, өшіріп тастағанмын.   Сайқымазақтар  саусағын көтерсе,  мәз болатын,  елің мен жеріңнің, тілің мен діліңнің  зарында шаруасы жоқ жастар  қаптап келе жатқанын ойлап  тіпті, мазам кетті.

Арзанқол даңғаза әндердің  басы жарылып, көзі шыққан, түйір мәні жоқ мәтіндері туралы өз алдына бөлек әңгіме.

Бір кезде  теледидарды қосып қалсам, Ұлттық арнада  «Бір өлең, бір әуен» хабары болып жатыр екен. Серке ақын Серік Тұрғынбекұлының жыры оқылып жатыр. Одан соң Секеңнің сөзіне жазылған ән айтылды. Серікзат Дүйсенғазин. Бауыржан Қарағыз інілерімнің ойлы өлеңдері оқылды. Жанат Әскербекқызының жақсы жырын тыңдадым. Әсіресе,  Дәулеткерей Кәпұлы бауырымның  «таң бозына шалғысын қайрап алып» деген тамаша жолдарға толып тұрған керемет жырын тыңдағанда тіпті риза болдым.

Жексенбі болғасын, үйге келетін-кететін кісі көп (жалпы жексенбі ғана емес, күнде сондай біздің үйде), соларды шығарып салып жүріп, түгел тыңдай алмдым. Сондықтан өзім тыңдай алмаған ақындар үшін ешнәрсе айта алмай отырмын…

Айқай-шу емес, кілең жанға жайлы әдемі әндер шырқалды.

Өлеңдерді оқып отырған жігіт пен қыздың дауыстары әдемі, қандай керемет оқиды! Өкінішке орай олардың аты-жөндерін де, хабар авторын да оқи алмадым…

Форматы да, дизайны да ұнады.

Сөйтіп, жаным жайланып сала берді.

Осындай, «Бір өлең, бір әуен» секілді сезім сергітіп, ой байытар оңды хабарларды көбейту керек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер