Бүкіл әлем танып, мойындаған, ерекше дауыс иесі Димаш Құдайбергенді Ресей неге танығысы келмейтінін Дағыстанның Халық әртісі Леонид Серебренников айтып берді.
Бұл туралы Сергей Рогожин Ютубқа сұқбат-видео салды.
— Димаш Құдайбергеннің ән салғанның алғаш рет көргенде аузымды ашып, ары қарай дем ала алмай қалдым.
Ол біздің түсімізге де кірмейтін әнші, Жер бетінде көптен бері болмаған, қайталанбас әнші ғой ол. Диапозоны таңқаларлық. Ондай деңгей ешкімде жоқ.
Себебі ресейлік әншілер үшін Димаш тамаққа тұрып қалған сүйек секілді, — деп ашуланған Дағыстанның Халық әртісі ресейлік әншілердің көреалмаушылық қасиетін сынап тастады.
Айта кетелік, биыл „Славян базары„ халықаралық байқауына төрешілік еткен Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әнді ресейлік телеарналар эфирден алып тастаған еді.