"Ninety one" тобына "тиіскен" айтыскер, ақын Ринат Зайтовты достары қонаққа шақырудан қалған деп жазады "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Айтыскердің айтуынша, достарының балалары сүйікті тобын жамандаған Зайытовты жақтырмайтын болған.
"Жолдастарымның балалары ұнатпайды. "91" тобын жамандадың дейді. Қонаққа барудан қалдым. Жақындатпайық" дейді екен", - деп әзілдеді Зайытов.
Сондай-ақ ақын өзінің өмірінде есінде қалған ең ерекше жүлдесін айтты.
"Ең алғаш 2001 жылы Астанада "Тазша бала" деген байқауға қатысқанмын. Сонда Тұрсынбек Қабатов бас жүлде алып, асханаға арналған гарнитур алды. Ал маған ыдыс-аяқ берді. Соны не үшін бергенін әлі күнге түсінбеймін", - деп күлді Зайытов.