Полицейлер Әбдіжаппар Әлқожаға ескерту жасады (фото)

Screenshot_2.jpg

Екібастұзда өтетін ән кешінің жарнамасын рұқсатсыз орынға ілген Әбдіжаппар Әлқожаға ескерту жасалды. Жедел-профилактикалық бөлімшенің полицейлері әншінің рұқсат етілмеген аймаққа ілінген сегіз жарнамалық парақшасын анықтаған деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты.

"Қазіргі уақытта Екібастұздағы аялдамалар жаңартылды. Бірақ олар әлі күнге жарнама ілінетін тақтайша қызметін атқаруда. Оларды алып тастау оңай сияқты. Оларды алған соң артынан клей іздері мен скотчтар қалады. Жапсырма қағаздар қала сәніне кері әсерін тигізеді. 

Қаладағы Әуезов пен Абай көшелерінің қиылысында отандық әншінің кешіне арналған жарнама ілініп тұрды.

Screenshot_1.jpg

Аймақтық полицейлер кеш ұйымдастырушыларына хабарласып, жарнаманы алу керектігін ескертті. Осындай заң бұзушылық анықталған жағдайда, 20 АЕК (48100 теңге) айыппұл төленеді. Ал жағдай қайталанса, айыппұл саны бірнеше есеге ұлғаяды", - деді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысының тұрғындары өз қаржыларына емхана мен мешіт салды
  • «Ситсен» бағдарламасымен еден жуушыны мектепке жұмыс алу қанша тұрады?
  • Шымкент: Еңбекші ауданынан құрылған тексеру тобы қоғамдық көліктерге рейд жүргізді
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында карантиндік режимді сақтамаған тағы бір сауда орны жабылды
  • Шымкент: Әл-Фараби ауданында санитарлық талапты сақтамаған нысан жабылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер