Зейнеткер дәрігерлерге алғыс айтты

Сарыағаш ауданында амбулаториялық деңгейде үйде медициналық көмек көрсету үшін бірінші реттік медициналық-әлеуметтік көмектің мобильді бригадасы құрылған.

Screenshot_17.jpg

Сарыағаш қаласының тұрғыны, зейнеткер Хидиров Жайлау Рахымұлы көптеген адамдар сияқты аурудың алғашқы белгілері байқалғанда өз бетінше емделген. Науқастың сырқаты күн өткен сайын нашарлаған, сонымен қатар әйелі Кадирова Назик Мустафақызының да денсаулығы сыр беріп, қатар ауырған. Бірақ көп ұзамай сырқатты медициналық көмексіз жеңе алмайтынын түсінген.

«Мен он күн бойы үйде емделдім. Содан кейін ғана жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдадым. Мені осы ауруханаға алып келіп, алты күн ішінде емдеп, төсектен тұрып қайта қозғалып жүріп, ем қабылдауымды жалғастырудамын. Дәрігерлеріме, барлық медицина қызметкерлеріне алғысым шаксіз. Өздеріне төнген қатерге қарамастан басқалардың өмірін сақтап қалғандарыңыз үшін рахмет! Бізде осындай жауапкершілікті, адам жанына араша болатын білікті де білімді мамандардың барына қуаныштымын, алғысым шексіз!» – дейді Хидиров Жайлау Рахымұлы.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • 2040 жылға қарай әлемде 227 миллион бала семіздікке шалдығады
  • Ораза уақытында қалай тамақтанған жөн
  • Шымкенттік дәрігерлер 1 жарым сағатта бүйрек алмастырды
  • Около 50 тысяч сельчан получили медпомощь от врачей поезда «Саламатты Қазақстан»
  • 50 мыңға жуық ауыл тұрғыны «Саламатты Қазақстан» пойызының дәрігерлерінен медициналық көмек алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер