Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы 1989 жылы қолданысқа берілген. Соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханасына 2020 жылдың қазан айында орнатылған «Кислордная станция газозаполнительная компрессорная АТАSАМ ОХL» қондырғысының орнатылған.
Бүгінгі таңда оттегі станция нысаны толығымен іске қосылып, аудандық орталық аурухананың «А», «Б», «В» корпустардағы емделуші науқастарды 24 сағат тәулік бойы оттегімен қамтамасыз етілуде. Аурухана бойынша 138 оттегі нүктесі бар.
Өкпе қабынуы, тыныс жетіспеушілігі шағымы мен түскен науқастарға дер кезінде көмек көрсету үшін орталықтандырылған оттегі станциясына қоса 4 ИВЛ аппараты сатып алынып жалпы саны 31 ИВЛ жұмыс жағдайында. Қосымша 246 пульсоксиметр, (аймақтық мекемелерде 130), 153 контактісіз тепловизор алды және соңғы заманауи үлгідегі тепловизор экран орталық емханаға орнатылды, атқаратын қызметі келушілерге бет перде тағуды ескертеді және дене қызуын анықтап жаңғырық дауыста айтады. Сонымен қатар демеушілердің қолдауымен 35 оттегі концентраторы, 60 дана оттегі балоны, 1 ЭКГ аппараты, 2 дана манитор, 20 тонометр берілді. Аурухана КТ яғни компьютерлік томографиямен жабдықталған. Науқастардың нақты сырқатын (диагнозын) дер кезінде ертерек анықтау мүмкіндігі туды, әсіресе ес түссіз келген науқастардың сырқатын жедел анықтау.
Дезинфекциялық тоннель саны 4-дана (қабылдау бөлмінде, орталық емханада, перзентхананың қабылдау бөлімінде, Кабланбек АА)
2020 жылы 11 ай бойынша ауруханының тәуліктік стационарында ем алған науқастар саны - 19321. Күндізгі стационарда емделген науқастар – 3792.
Соңғы 1-жыл көлемінде 13 жас маман жұмысқа алынды. 262 маман онлайн түрде оқытылды.
Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы, вирусты пневмониямен ауырғандарды емдеу үшін 30 төсек орындық инфекциялық госпиталь жұмыс жасап, онда 30 науқас орта ауыр дәрежеде (тұжырымы пневмония,COVID-19 оң нәтижелі 5 науқас) ем алуда.