Лапароскопиялық құрылғымен ота жасау жолға қойылған

Screenshot_5.jpg

Соңғы жылдары аудан орталықтарында медицина саласына жоғары деңгейде көңіл бөлінуде. Аудан тұрғындары облыс, шетел аспас үшін жергілікті дәрігерлер біліктілігін арттырып, сапалы медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгені аса маңызды. Осы орайда Түркістан облысындағы көптеген ауруханалар ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, базасы жабдықталуда. 

Бәйдібек аудандық орталық ауруханасына да заман талабына сай жаңарған. Мұнда терапия, неврология, хирургия, балалар бөлімі сияқты барлық негізгі бөлімдер жұмыс істейді. Ал, емханаға қарасты 12 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік акушерлік тірек аудандағы ауылдарда қызмет көрсетеді.        

Түркістан облысының медицина саласында лапароскопиялық құрылғымен ота жасау бірнеше аудандарда жолға қойылған. Жалпы, кеспей емдеудің аталмыш жаңа әдісін Түркістан облысының дәрігерлері де ешбір кедергісіз қолдана алады. Қазақстандықтар да лапароскопиялық операция туралы өте жақсы біледі. Сол себепті пациенттер өздерін осы әдіспен емдегенді қалайды. Өйткені кесіп жасалатын операция науқасқа ауыр. Тілік көлеміне қарай, қанша кессе сонша ауырсыну болады. Жансыздандыруды көбірек қажет етеді. Ауруханада көбірек жатады. Ал, лапароскопиялық операциядан соң пациент бірден палатаға ауыстырылып, оянғаннан кейін ешкімнің көмегінсіз-ақ өз аяғымен жүре алады. Келесі күні үйіне жіберіледі. Жарық түріне қарай операция 40 минуттан екі сағатқа дейін созылады. Аталмыш әдістен, яғни бұл тенденциядан Бәйдібек ауданы да қалыс емес.

Хирург Әсет Ғалиев  жыл басынан бері лапароскопиялық құрылғымен 40-қа жуық ота жүргізген екен. Операцияның сәтті шығуы жаңа құрылғының қызметі мен дәрігердің шеберлігіне байланысты дейді маман. 

– Бәйдібек ауданы орталық аурухананың хирургия бөлімі 23 төсек орынға есептелген. Оның ішінде травмотология, нейрохирургиялық төсектер бар. Нейрохирург, травмотолог мамандар бар. Жедел операцияның барлық түрлері жасалады. Нейрохирургияны, травманың операциялары. Сонымен қатар, біздің хирургияға қосымша 2020 жылы эндоскопиялық аппарат жеткізілді. Бұл Қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастырумен біздің аудандық аурухананың бас дәрігері Гүлдерай Әбілдабекқызының қолдауымен осы аппарат алынды. 2020 жылдың қараша айынан бастап операциялар жасалып жатыр. Мұнымен өт-тас ауруына жасаймыз холецистэктомия деп айтамыз. Жедел апендицитке жасаймыз. Осы уақытқа дейін холецистэктомия операциясының 40-қа жуығы жасалды. Алдағы уақытта, осы хирургия бөлімінің ота залына Электронды-оптикалық түрлендіргіш аппараты келеді. Травмотология, нейрохирургиялық оталарды жасауға мүмкіндік бар. Қосымша аурухана базасында компьютерлік томография орнатылады деп жоспарлануда. Хирургия бөлімінде 4 хирург дәрігер бар. 20-ға жуық мейіргер жұмыс істейді, – деді хирургия бөлімінің меңгерушісі Әсет Ғалиев. 



Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер