Түркістандықтарға – 15 млрд. 757 млн. 494 мың теңге!

06-01.jpg

2022 жылы Түркістан қаласының тұрғындарын денсаулығын түзеуге медициналық қызмет көрсетуге 15 миллиард 757 миллион 494 мың теңге бөлінген. Бұл туралы Түркістан қаласы тұрғындарымен кездесіп, ағымдағы жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берілген медицина саласының өкілдері хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында «Еліміздің басты құндылығы – адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деп, еліміздің денсаулық сақтау саласында жүргізілген реформаларды тілге тиек етті. «Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен. Тіпті, сақтандыру моделі тұрақсыз әрі жүйесіз дамуда. Бұл – үлкен олқылық. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізетін уақыт әлдеқашан жетті. Үкіметке денсаулық сақтау саласын және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырамын» деді ел басшысы.

Президенттің тапсырмасымен «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасы қабылданғаны белгілі. Алдағы 4 жыл ішінде – 2025 жылға дейін әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтауды қамтамасыз етуді көздеп отырған ұлттық жоба аясында атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бір жылдың ішінде түркістандықтардың дәрігерлік қызметке қолжетімділігі біршама артқан. Бұл туралы Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша атқарылған жұмыстар легіне тоқталған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев айтты.

03-01.jpg

2022 жылы Түркістан қаласы халқына медициналық көмек көрсетуге 15 миллиард 757 миллион 494 мың теңге бөлінді. Оның ішінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен 8 миллиард 43 миллион 770 мың теңге түркістандықтардың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

2021 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қордың есебінен Түркістан қаласы тұрғындарына 13 миллиард 543 миллион 492 мың теңгеге медициналық көмек көрсетілген. Бұл ретте, Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенге дейін Түркістан қаласы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 6 миллиард 832 миллион 919 мың теңгені құраған болатын. Яғни, қазіргі Түркістан қаласы денсаулық сақтау жүйесіне бағытталған бюджеті екі еседен астам өскен.

Ұзақ уақыттан бері алғаш рет медициналық қызметкерлердің жалақысын жүйелі түрде жыл сайын арттыру жүргізілуде: нәтижесінде дәрігерлердің орташа жалақысы 189 мың теңгеден 342 мың теңгеге дейін, ал медбикелердің жалақысы 120 мың теңгеден 211 мың теңгеге дейін өсті.

Денсаулық сақтауды қаржыландырудың айтарлықтай ұлғаюына байланысты міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмектің қолжетімділігі артты. Емхана деңгейіндегі консультациялар мен диагностикалық қызметтердің саны жыл сайын артып келеді.

Егер екі жыл бұрын Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде диагностикалық қызметтер 20 миллон бір мың теңге сомасына көрсетілсе, ағымдағы жылдың тоғыз айында Түркістан қаласы тұрғындарына диагностика бойынша жалпы сомасы 185 миллион 713 мың теңгеге 13 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Мұнда да қаржыландыру іс жүзінде екі есеге ұлғайғандығын аңғаруға болады.

06-00.jpg

Қазір Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен адамдар бұрын тек ақылы түрде қол жетімді медициналық қызметтерді ала алады. Үш жыл бұрын қымбат диагностика азаматтардың жекелеген санаттарына ғана тегін қол жетімді болды және жеткізушілер іс жүзінде жоқ болды. Бүгінгі таңда облыста 21 компьютерлік томография аппараты, 13 магниттік-резонанстық томография аппараты жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 9 айында Түркістан қаласы тұрғындарына 33 миллион 438 мың теңгеге 2764 компьютерлік томография қызметі, 152 миллион 275 мың теңгеге 10 мың 977 магниттік-резонанстық томография қызметі көрсетілді. Өткен жылдың осы кезеңінде 1647 компьютерлік томография қызметі, 4637 магниттік-резонанстық томография көрсетілді.

Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен қаржыландырылатын тағы бір бағыт азаматтардың жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек көрсету болып табылады. Көмектің бұл түрі өте сұранысқа ие, оны сандар дәлелдейді. Ағымдағы жылдың 9 айында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры түркістандықтардың тістерін емдеуге стоматологиялық клиникаларға 183 миллион 733 мың теңгеден астам қаржы төледі.

Медициналық оңалтудың маңыздылығын атап өту қажет. Жарақаттар мен ауыр аурулардан кейін адам әдеттегігей өмір салтына оралып, жоғалған қабілеттерін қалпына келтіруі керек. Кейде адамдар емдеудің бұл кезеңдерін елемейді, бұл қымбат және қол жетімді емес деп қателеседі. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Түркістан қаласының тұрғындарын оңалту мақсатында 422 миллион 111 мың теңге бөлді.

Халықты медициналық қызметтермен қамтуды ұлғайту жөніндегі "Дені сау ұлт" ұлттық жобасының негізгі міндеттерінің бірін орындау үшін бізге азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне барынша тарту қажет. 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Түркістан қаласында сақтандырылмағандар саны 38 мың 767 адамды құрады. Бұл ретте сақтандырылмаған азаматтар санын азайту бойынша динамика шамалы.

Сақтандырылмаған халықтың құрамында 7308 жалдамалы жұмыскер, 1121 жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет көрсететін 1350 адам, 391 бірыңғай жинақ Бірыңғай жиынтық төлем төлеуші, 1076 дербес төлеуші, 27 мың 526 адам соңғы 12 айда ешқашан жарна төлемеген не болмаса Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесі анықталмаған.

Естеріңізге сала кетейік, "Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Демек, азаматтарды Медициналық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жөніндегі іс-шараларды өткізуге жергілікті атқарушы органдар жауапты, өйткені облыс тұрғындарын толыққанды емдеудің қолжетімділігі осыған байланысты. Мұнда да мемлекеттік кірістер, көші-қон полициясы, АХАТ және т. б. салалардағы уәкілетті мемлекеттік органдардың жәрдемдесуі қажет.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Листериоз туралы нені білу керек?
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу әрбір азаматтың басты міндеті!
  • Абайлаңыз Құтыру!
  • Емдеу мекемелеріне қойылатын талаптар
  • Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай күрделі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер