Түркістанға туристер ағылуда

Түркістанға өткен жылдың 7 айында 1124,9 мың турист келген болса, ағымдағы жылдың 7 айында бұл көрсеткіш 1135,4 мың адамға жетті.Оның ішінде 2021 жылы шетелден 3,3 мың адам келген болса,  2022 жылы бұл көрсеткіш 3,6 мыңды құрады. Ал, жалпы 2021 жылдың қорытындысымен алып қарайтын болса, өткен жылы қалаға келген туристер саны 1 417 мың адамға жетті.

Screenshot_97.jpg

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Түркістанға 1000-нан астам шетелдік турист келді. Түркістан қаласы бойынша бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Талғат Қыдырбаевтың мәлімдеуінше, өткен жылдың 6 айымен салыстырғанда қалаға тартылған инвестиция көлемі 100,2 млрд теңгеден 115,1 млрд теңгеге артқан. Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі 6,31 млрд теңгеден 6,62 млрд теңгеге көбейген.

Шағын орта бизнеспен айналысатындар қатары 2327-ке жетіп, соның нәтижесінде 1719 азамат жаңа жұмыс орнына жұмысқа орналасты. Баға тұрақтылығын сақтау үшін 30 әмбебап дүкенде әлеуметтік бұрыш ашылып, жұмыс істеуде. 

Одан бөлек, туристерге қызмет көрсету сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар да қолға алынуда. Аталған мақсатта, нұсқаушы-аудармашы Д.Шерниязовтың курсына 32 азамат қатысып, білімдерін толықтырды. Туризм саласында оқитын студенттерге арнайы іс-шаралар ұйымдастырылып, қаладағы орналасу орындарының қызмет көрсетуі бойынша түсіндірме жұмыстары жасалды.

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Туризм саласы бойынша инвестиция көлемі өткен жылы 102 млрд теңгені құрап, республика бойынша қала 1-ші орынға көтерілді. 2021 жылы облыста «Керуен Сарай» көпфункционалды туристік кешенінде демалыс орындар және туристік нысандары (Ramada by Wyndham, Emir Plaza, Rich Hotel, Grand Villa, Golden Ray Turkistan Hotel, Этно Парк Резорт)  іске қосылды. Түркістан облысы — тарихи және мәдени мұраға бай өлке. Өз кезегінде өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курорты аумағында емдік- сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді. Соның бірі ретінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасы қолға алынды (инфрақұрылым жүргізу).

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер