«Turkistan» индустриалды аймағында 27 кәсіпорын іске қосылды

Түркістанда «Turkestan» индустриялды аймағын дамыту бағытында көптеген жұмыстар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда аталмыш индустриялды аймақтың қолданыстағы 40 гектар аумағын алып жатқан жер 190 гектарға ұлғайтылды. 

Screenshot_96.jpg

Инфрақұрылымын жүргізу жұмыстары қолға алынған. Айта кетейік, мұнда 2016-2022 жылдар аралығында 1330 жұмыс орыны ашылып, 27 кәсіпорын іске қосылды. Оның ішінде атап айтар болсақ 2021 жылы 4 жоба іске қосылып,557-дей жаңа жұмыс орны ашылды.

Бүгінде 3 кәсіпорын, яғни асфальт-бетон, газоблок және газобетон шығаратын зауыттарды іске қосу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұйыртса, аталған зауыттар іске қосылатын болса, 54 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

«Тurkistan»  арнайы экономикалық аймақты дамыту бағытында қалада 4 аймақ жұмыс істеуде. Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталық аумағы  1578,64 гектарды,әуежай аумағы  967 гектарды, тарихи мәдени орталық аумағы  861,75 гектарды, өндірістік аймақ аумағы  180 гектарды алып жатыр. 

2019-2023 жылдарға арналған жоспар бойынша 3,5 мыңға жуық жұмыс орындары ашылуы көзделген болатын. Сондай-ақ, 67 жоба жүзеге асырылуы жоспарланды. Бүгінгі 20 жоба іске қосылып, 1590 жұмыс орыны ашылды.

Биыл жыл соңына дейін 244 жаңа жұмыс орнын ашу және 16 жобаны жүзеге асыру көзделген. 180 гектар өндірістік аймақта қолға алынатын жобалар қаладағы үздік жобалардың бірі болмақ. Өйткені, бұл жерлерге инвесторлар тарапынан сұраныс жоғары. Алдағы уақытта мұнда замануи технологиялармен жабдықталған 50 астам кәсіпорын іске қосылатын болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер