Түркістан қаласында биыл шетел инвесторлары есебінен 7 жоба іске асырылып, 278 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұйыртса, алдағы 5 жылда 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
Тарқатып айтар болсақ, оның ішінде 2025 жылға дейін инвесторлар есебінен тұрғын үйлер құрылысын жүзеге асыру көзделген. Ал, 2023 жылы Шейх Халифа бен Заид Аль Нахайянның қоры «Ана мен бала» орталығының құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыратын болады. Сонымен қатар келер жылы «House Development» ЖШС «5000 адамға арналған» мешіт құрылысын бітіретін болады. «BN2» ЖШС-і де бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Мұнан бөлек, 2023 жылы «Интерстрой» ЖШС сауда ойын-сауық орталығының құрылысын аяқтау жоспарланған. 2023 жылы «Қылует» қайырымдылық қоры «Қылует» рухани-мәдени орталығын ашпақ. Осы жылы «Бозарық АБЗ» ЖШС «Асфальт-бетон шығаратын зауытын және битум қоймасының терминалын ашу көзделуде. Келер жылы «BAZIS-A» ЖШС-і «Yassy tower» бизнес орталығының құрылысын, «ATM TURKISTAN HOSPITAL» ЖШС-і 570 койкалық көппрофилді медицина орталығының құрылысын, «Shуmkent Triumph Construction» ЖШС-і сауда ойын-сауық орталығының құрылысын аяқтаужоспарланған.