Биыл 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынады

Түркістан қаласында көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында І. Қожабаев көшесін, 5,6 шақырым жолды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, Кентау тас жолы бағытындағы жол ӘІО (АДЦ) арқылы Шымкент бағытындағы жолға қосылатын болады.

Screenshot_100.jpg

Сонымен қатар, бүгінде қалада Ә. Жангелдин көшесін, яғни 3,8 шақырым жолды реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, бұл жол Қызылорда бағыты мен Балтакөл бағытындағы автокөлік жолынбайланыстыратын болады.

Қазыбек би мен О. Жарылқапов көшелері аралығындағы жолдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба аяқталғанда «Яссы» мен Сауран тұрғын алқабын «Отырар» тұрғын алабы байланыстыратын болады.

Б.Қалаби көшесінде де реконструкциялау жұмыстары қолға алынған. Тиісті шаралар аяқталып, нысан пайдалануға берілген жағдайда Балтакөл тас жолын Шәуілдір және Шымкент тас жолына тікелей қосады.

Түркістан станциясының 3103 ПК2+50 және 3106 ПК5+45 пикеттерінде жаяу жүргінші көпірлерін салу жоспарланған болатын. Нысаның құрылыс жұмыстары аяқталған жағдайда «Бекзат» тұрғын алабы тұрғындары мен мектеп оқушыларының «Шауғар», «Сауран» тұрғын алабы арқылы қауіпсіз және үздіксіз өтуін қамтамасыз етеді.

Қала аумағындағы 46,4 шақырымды құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу және 105 шақырымды құрайтын 160 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қолға алынған шаралар аяқталған жағдайда қалада көлік инфрақұрылымы дамитын болады. 

Айта кетейік, өткен жылы Түркістан қаласында жүргізілген жолдың құрылыс және орташа жөндеу жұмыстары нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 316,1 шақырымды құраған болатын. Биыл орындалған орташа жөндеу жұмыстарының нәтижесіне сәйкес, 340,9 шақырымды асфальт жол,471,0 шақырымды тас жол, 33,1 шақырымды  топырақ жол құрайтын болады.

Қала тұрғындары жаяу жүргіншілерге арналған жолға байланысты бірқатар мәселе көтерген еді. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң,  әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) жаяу жүргіншілерге арналған жол салынатынын мәлімдеді. 

Реті келгенде баяндай кетейік, биыл “Шауғар” секторы аумағында 20 шақырымды құрайтын 31 көшеге тас төселді. Сонымен қатар, 3 шақырымды 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтетін болады. Одан бөлек 139,8 шақырымды құрайтын 123 көшенің жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда аталған секторда 22 орынға аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. 

Қала әкімі “Яссы” секторында тұрғындарымен кездесу барысында тиісті сала мамандарына 47 тапсырма берген болатын. Бүгінгі күні соның 35-і орындалып, 7-і орындалу үстінде. Айта кетейік, «Яссы» секторында 40 мың халық, 8177 тұрғын үй және 180 көше бар. Онда 21 шақырымды құрайтын 23 көшеге тас төселді. 6,3 шақырымды құрайтын 5 көшеде асфальт жабындысы төселді. Алдағы уақытта 30,25 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек 76 шақырымды құрайтын 64 көшенің жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып,іске қосылды.

Сондай-ақ, «Яссы» секторында 20 нысанға аялдама орнатылды. Және 4,4 шақырымды құрайтын 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды.Қала тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында аталмыш секторында Көгершін және Әль-Фараби көшелеріндегі ескі трансформаторлар жаңартылды. Тұрғындардың өтініші бойынша Саурық батыр көшесіне қосымша трансформатор орнатылды.

Қазіргі таңда Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды.

Ал, қала әкімінің «Сауран» тұрғын алабы тұрғындармен кездесуінде 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша тиісті жұмыстар бастау алды. 

Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. «Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды», -- дейді сала мамандары.

Ендігі кезекте ІІ-мөлтек ауданды абаттандыру қолға алынбақ. Мұнда қала әкімінің тұрғындарымен кездесуінде жиі көтерілетін мәселенің бірі жол болатын. Облыс орталығында жалпы 845 шақырымға созылған 875 көше бар.2021 жылғы 6 айдың көрсеткіші бойынша қаладағы топырақ жолдың үлесі 286,4 шақырымды құрады. Осындай аймақтарға жол төсеу инфрақұрылым жүйелерінің құрылысына байланысты көптеген жұмыстар жоспарланған болатын. Тиісті шаралардың дерк езінде атқарылуы нәтижесінде Түркістанда 33 шақырым топырақ жол қалды. «Жыл соңына дейін бұл мәселені түбегейлі шешуге жұмыс жүруде», -- дейді сала мамандары. 

Осы орайда, қала жолдарының бүгінгі көрсеткішіне де тоқтала кетейік. Қала жолдарының 316 шақырымы - асфальт, ал 495 шақырымы - тас жол. Биылғы жылы 64,5 шақырымды құрайтын 54 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) құрылысын іске асыру жоспарланған болатын. Соның, 27 көшесінде (32,8 шқ) құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, қазір басқа көшелерде тиісті жұмыстар жалғасын табуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер