Қазіргі таңда Түркістан қаласында жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78-і сыйымдылығы жоғары автобус (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобус.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін қосымша 42 сыйымдылығы жоғары автобус әкелінді. Соның нәтижесінде қалада жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 54,5 пайызды құрауда.
Сала мамандарының берген мәліметтеріне сүйенсек, жалпы өткен жылдан бері қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес келетін 78 жаңа автобус қатынауда. Соның нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды. Қоғамдық көліктерге Алем Рау электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.
Былтырдан бастап қаладағы жолаушылар көлігін дамытудың кешенді сызбасы әзірленіп, қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «диспетчерлік орталық» қызмет көрсете бастады. Келер жылы сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жоспарлануда. Электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді деп күтілуде.