Түркістанды көгалдандыру жұмыстары үшін 15 сектор жасақталған

Бүгінде облыс орталығындағы 10-ға жуық нысанда құрылысжұмыстары жүргізілуде. Осыдан біраз уақыт бұрын облыс әкімі Дархан Сатыбалды бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып, мердігер компания басшылары мен осы құрылыстарға жауапты азаматтарға бірқатар тапсырмалар берді. Әрбір құрылыстың сапалы жүргізілуінің қатаң бақылауда болатынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстардың қашанда назардан түспеуін ескертті. 

Screenshot_59.jpg

-  Түркістандағы құрылыс қарқыны бәсеңдемейді. Ең алдымен сапаға қойылатын талаптар жоғары. Қажет болған жағдайда құрылыс нысандарына қосымша күш тартылады,- деді өңір басшысы. 

Реті келгенде айта кетейік, соңғы жылдары Түркістандағы тұрғын үйлерге сұраныс күрт артқаны мәлім. Баға тұрақты. Әкім олардың сейсмикалық жағдайын бақылауда ұстауды, баспаналардың талапқа толық сай салынуын қадағалауды ескертті. Бүгінде әкімшілік - іскерлік орталықта 60 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын қалды. Облыс басшысына Түркістан қаласы аумағына пайдаланылатын ағын сулары бойынша жұмыстар да баяндалды. Жалпы жасыл желектерге жарты жылда пайдаланылатын су көлемі 10 млн м3. асады. 5 бірден су босату нүктесінен жалпы тəулігіне 50 мың м3 астам ағын су алынуда. Ай сайын 1,5 млн м3 асатын ағын су пайдаланылады. 

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы Яссы көшесі мен «Отырар» шағынауданын абаттандыру жұмыстарын қадағалады. Исмаилов көшесіндегі канал мәселесі де тексерілді. Қаланы көгалдандыру жұмыстары үшін 15 сектор жасақталған. 2020-2021 жылдағы аудан, қалалар тарапынан тарапынан 70 000 көшет, 63000 м2 көгал отырғызылған.

Қазіргі таңда облыс орталығында абаттандыру шаралары жүйелі жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды «Ең бастысы, демалыс орындары халыққа ыңғайлы әрі көрікті болуы керек», дей келе жоспарланған жұмыстарды аяғына дейін жеткізу қажеттігін айтты. Жауапты қызметтердің басшыларына барлық қоғамдық нысандардың жағдайын күнделікті бақылауға алуды міндеттеп отыр. 

Көгалдандыруға ерекше назар аударылатынын айтқан өңір басшысы жұмыстың сапасына айрықша назар аударуды ескертті. Мердігерлердің тұрғындар пікіріне құлақ асып, ескертулерін қаперге алуын міндеттеді. 

Жұмыстың қарқынын күшейту үшін қосымша жұмыс күшін тартуды тапсыруда.

— Түркістан қаласын дамыту жоспарына сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл — мемлекеттің үлкен қолдауы. Құрылыс саласына тартылған инвестиция да елге қызмет етуі тиіс. Әрбір нысан елге арналғандықтан үлкен жауапкершілікпен қарап, жұмысты адал істеу керек, — деді Д. Сатыбалды. 

Түркістан қаласында облыстың күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының жаңа ғимараттары салынып жатыр. Айталық 470 адамға арналған Полиция департаменті ғимаратының жалпы ауданы — 4 мың м2. Ғимарат бірнеше блоктан тұрады. Ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Түркістанда 100 пайыз цифрлық жүйеге қосылған медициналық жедел жәрдем орталығы заманауи техникамен жабдықталады. Инвестициялық жобамен салынған медициналық орталық 4 санат бойынша «алтын сағат» қағидасына сай жұмыс істейді. Облыс бойынша 140 жедел медициналық жәрдем бригадалары шақыртулар бойынша қызмет атқарады. 

Олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимаратында ішкі әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. 200 бөлмелі бес қабатты ғимаратта спортшылар мен жаттықтырушылар орналасады. 

Айта кетейік, Түркістан қаласы осыдан төрт жыл бұрын Түркістан облыс орталығы болды. Жаңа облыс орталығын ел таңданатындай тамаша шаһарға айналдыру үшін жүйелі жоспарлар мен межелі мақсаттар түзілді. Қызу құрылыс, қайнаған тіршілік басталды.Ең алдымен Түркістан қаласын Түркі жұртының рухани-мәдени орталығына айналдыру бағытында көптеген шаралар қолға алынды. Қаланың тарихи келбетін сақтай отырып, жаңа бейнесін қалыптастыру – алға қойған алғашқы мақсат болды. Осы рухани шаһардың топырағында дүниеге келген мен үшін бұл жұмыстарды атқару – зор мәртебе болды. 

Қазіргі таңда Түркістан еліміздің ғана емес, күллі Түркі дүниесінің рухани жауһарына айналып, әлем көз тіккен ажарлы шаһарға айналды.Облыс орталығының аптап ыстық климатын өзгерту жолында «Жасыл белдеу» жобасы, қаланы суландыру жобасы, тұрғын үйлер санын ұлғайту –Түркістанның тұрғындары мен қала қонақтарына қолайлы қала болуы үшін жасалған көп жылғы жоспар болып табылады. 

Бүгінде Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Ауыз су, табиғи газбен және ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешілді. Экологиясы жақсарып, қала аумағы абаттандырылып, көгалдандырылды. Тұтастай 100 мың адамға арналған көпқабатты тұрғын үй салынды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 1,5 есеге өсім, 2 трлн. теңгеден асты.

Сонымен қатар, экономикаға тартылған инвестиция 2 есеге артып, 660 млрд. теңгеге жетті.Түркістанды дамыту өз кезегінде құрылыс жұмыстарының қарқындап өсуіне, қосымша жұмыс орындарының ашылуына оң ықпал жасады. Қанағатты жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 87 пайызды құрап, республикада жоғары көрсеткішке ие болды. Бюджет көлемі 2 есеге көбейіп, 1 трлн. теңгеден асты. 

Реті келгенде айта кетейік, Түркістан қаласында 45 саябақ, 34 сквер, гүлзар және 9 жасыл алаңдары бар.Атап айтсақ, 380 га аумақта ағаштарды дәріленіп, тыңайтқыштармен қоректендірілді. 11 245 дана ағашқа санитарлық және авариялық кесу жұмыстары жасалды. 45 саябақ, сквер,гүлзарда кіші сәулет мүсіндері мен саябақ құрылыстарында (орындық, жарықшамдар, мүсіндер т.б), аяқжолдар мен балалар ойын алаңдары сырланып, қайта қалыпқа келтірілді. Жыл басынан бастап 12,2 га аумақта 15 036 дана ағаш көшет егілді. 9000 ш.м аумақ көгалдандырылды. Шекті Тілеу Жолдаяқ , Байбұрт, С.Қожанов, Резиденция алды, Есімхан алаңы мен Ж.Майкотов көшелеріне -11 900 дана қылқан және түрлі жапырақты ағаш демеушілер есебінен отырғызылды. 

Ж. Майкотов көшесіндегі “Желілік саябақта” көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарының 2,3,4,5– кезеңдері жүзеге асуда. 

Сонымен қатар, қала аумағында 110 мың көп жылдық және 90 мың бір жылдық гүл егілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер